Құрметті Астаналық оқушылар, ата-аналар, ұстаздар!

Құрметті Астаналық оқушылар, ата-аналар, ұстаздар!

Жас зияткерлерге арналған “Мөлдір бұлақ” республикалық журналы биыл 20 -жылдық мерейтойын тойлады.

Журналға жазылу жүріп жатқанын еске сала отырып, балаңыз жан-жақты, дүниетанымы дамыған, зерек, өнегелі, өрелі болсын десеңіз, “Мөлдір бұлаққа” жазылыңыздар дегім келеді.

 

Алда да сайыстарға қатысып, журнал-газет беттеріне мақала жазып, өлеңдеріңіз бен суреттеріңізді жариялаңыздар.

Ол үшін “Қазпоштаға” барып, “Мөлдір бұлаққа” жазылыңыздар!

 

Бір жылға жазылу бағасы небәрі 3577 теңге, 68 тиын.

 

Индексі: 75 937

“Мөлдір бұлақ” жеңімпаздары жайлы мақалалар “Qazaqstan dauiri” газетінде жарық көреді.

Бұл газетке де жазылуды ұмытпаймыз.

Бір жылға жазылу бағасы - 6 140 теңге, 28 тиын.

Индексі: 65 977.

Қазақ басылымының тағдыры -әр қазақтың қолында! 

 

📣📣📣📣📣📣📣📣📣📣📣📣📣📣📣

Тағы бір интеллектуалдық, шығармашылық сайыс жол тартты!

Қатысыңыздар!

 

Балалар жылы аясында Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің және «Сенімен Болашаққа» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі қолдауымен, жас зиялыларға арналған "Мөлдір бұлақ" республикалық танымдық журналы балалар басылымының 20 жылдығына орай «Талаптыға нұр жауар» атты байқау жариялайды.

 

Байқаудың мақсаты:

Балалардың шығармашылық қиялы мен жазу қабілетін, ойлау қабілетін шыңдау,бастамашылдығы мен ізденімпаздығын дамыту, ана тілге деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықты дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

 

Номинация атаулары:

⚜️ “Мөлдір бұлақ” журналына жетекшілік етсем, қандай тың дүние енгізер едім?” бизнес-жоспар элементтері бар эссе жазу

⚜️ “Байтақ елім” патриоттық тақырыптағы сурет салу байқауы

⚜️ «Мөлдір бұлаққа арнау» жыр байқауы

⚜️ «Батырлар жыры комикс жанрында» байқауы  

⚜️ Экологиялық ертегі жазу байқауы

 

Байқаудың талаптары:

✔️Байқауға Астана қаласының мектеп оқушылары қатыса алады.

☝️Байқауға қатысу үшін “Мөлдір бұлақ” журналына 1 жылға жазылған түбіртегі болу керек (журналға “Қазпошта” арқылы жазылады).

✔️Байқауға қатысатын жұмыстар 2022 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау 2 желтоқсан күні сағат 15.00-де Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 52 мекенжайындағы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтеді.

✔️Қатысушылар байқаудың эссе және ертегі немесе жыр жазу, сурет не комикс салу түрін таңдап, хаттың жоғарғы жағына «Астанада өтетін байқауға» деп жазып, байқауға ұсынған материалдар мен өзі жайлы ақпаратты (аты-жөні, қаласы, мектебі, байланыс телефоны) moldir_bulak@mail.ru электронды почтасына жіберуі керек.

 

Байқау қорытындысы:

✔️Байқау қорытындысы бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырылып, І, ІІ, ІІ жүлделі орындар тағайындалады, жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталады.

✔️Қазылар алқасы ЕҢ ҮЗДІК деп таныған екі шығарма иесіне "Мөлдір бұлақтың ЖАС ТІЛШІСІ" куәлігі табысталады.

✔️ Байқауға қатысқан таңдаулы шығармалар мен суреттер журнал бетіне жарияланады.

✔️ Байқау жүлдегерлері жайлы ақпарат «Мөлдір бұлақ журналына және «Qazaqstan Dauiri» газеті мен «Елана» сайтына жарияланады.

 

 Байқау жайлы толық ақпарат білгіңіз келсе, келесі телефондарға хабарласыңыз: 

+7 (701) 569-33-55 Тілекгүл Есдәулет

+7 (771) 124-87-51 Сандуғаш Нұрқанова

Құрметті жас өрен!

Зияткерлік байқауға қатыс та, жеңімпаз атан!

08.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 14
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 22
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 26

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 998
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7047
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10893
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7116
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7258