Қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу шаралары

      Қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу шаралары

Жамбыл облысында 2023 жылдың бүгінгі күніне 2515 қызылшамен ауырғандар тіркелді, ауырғандардың негізгі бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар (82%).

Ауырғандардың арасында 70%-дан астамы әр түрлі себептермен екпе алмағандар, бірақ бұлардың көбі екпеден бас тартқандар (40%).

         Қызылшаны емдеудің арнайы және тиімді емі жоқ.  Қызылшадан сақтанудың жалғыз жолы вакцинация жасау болып табылады.

         Ұлттық екпе жүргізу күнтізбесіне сай, вакцинация жоспарлы түрде  1 жаста және 6 жаста жасалады. 2023 жылдың 10 айында Жамбыл облысында 1 жастағы 20727 бала екпемен қамтылды, 6 жастағы 21387 бала егілді.

         Жамбыл облысында 6 қарашада қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмыстары кезінде 281 екпе кабинеттері, 30 екпе жүргізетін көшпелі (выездные) бригадалары және 1800 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

         Вакцинацияны 6 айлықтан бастап, 11 айға толған балалар, 2,3,4 жастағы балалар алады.

         Сонымен қатар, екпе алғаны туралы мәліметі жоқ, уақытысында екпе алмағандарға екпе жүргізілуде.

Бүгінде қызылшаға қарсы жаппай иммундау кезеніңде 9 мыңнан аса адам екпе алды.       

         Сонымен қатар, індеттің алдын алуда төменде көрсетілген шараларды сақтау қажеттігін ескертеміз.

1.Адамдар көп шоғырланған ортадан аулақ болу. Егер де Сіз осындай жерлерге барсаңыз немесе бару қажет болса,  онда медициналық  бетпердені (масканы)  пайдаланыңыз.

2.Ара қашықтықты сақтау қажет және респираторлық гигиена мен қол жуу гигиенасын ұмытпаған жөн.

Қызылша – бұл жедел басталатын инфекциялық вирусты ауру, адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғады. Ауру жоғары температурамен, ауыз қуысының және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты, сілекей қабаттарының қабынуымен, сондай-ақ өзіне тән бөртпесімен  сипатталады.

 

 

Муликова Неили Орынбасарқызы – Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары.
30.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 14
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 14
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 207
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 421
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 384

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10685