Ресей ауғанстандық әскерлерді майданға тартып жатыр

Ресей ауғанстандық  әскерлерді майданға  тартып жатыр

Жаһандық ақпарат көздерінің хабарлары мен сараптамаларына сенсек, қазіргі таңда Ресей қосындары әлсірей бастаған сыңайлы. Ал әлеуметтік желі беттерінде таралып жатқан видеоларда Украин сарбаздарына тұтқынға түскен орыстардың кәсіби деңгейінің мүлде төмен екендігі көзге ұрып тұр. Күн сайын көптеп таралып жатқан осындай материалдарға қарай отырып, «әлемдегі екінші армия» деп сипатталып келген Ресей қарулы күштерінің шын бейнесі ашылғандай болды. 

Биылғы шілде айында «Ресей қарулы күштерінің қатарына сириялық әскерлерді тарту мәселесі қарастырылып жатыр» деген ақпарат таралып еді. Ал бұл хабарға түсінік берген сарапшылар «орыстардың жоспары жылдар бойы көше соғысына дағдыланған әскерлерді Украина қалаларында пайдалану» деген ойды нықтап қойды. Ал онан кейін басталған мобилизация шешімі де орыс әскерлерінің санын молайтып, сапасын арттыра қоймаған сияқты. Ресейліктер енді алыстан қуатты зымырандарды бұршақша жаудыруға көшіп жатыр. Жалпы әскер қатарын көбейту мәселесі орыс генералдарының түн ұйқысын төрт бөлетін өзекті проблемаға айналғандай.

Соғыс басталмай тұрып-ақ Ресейді жіті бақылауға көшкен әлемдік медиалар қазір алуан түрлі ақпараттарды таратып жатыр. Дегенмен танымал басылымдар болмаса, аудитория жинап, ел көзіне түсуді ғана мақсат еткен сайттардың өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп көрсететін деректерінен оқырман қауым жалыға бастады. Сондай сараптамалардың бірі біздің назарымызды аударды.  

 

Әлемдік БАҚ-тар осылай дейді

Қарашаның басында әлемге әйгілі «Associated Press агенттігінің» сайтында «Ресей Украинадағы соғысқа АҚШ дайындаған Ауған жасақтарын шақырып жатыр» атты мақала жарық көрді. Мақалада қатысты адамдардың пікірлерін дәлелге ала отырып, бір кездері АҚШ қарулы күштері жағынан арнайы дайындықтан өткен Ауғанстан элиталық жасақтарының Ресей қарулы күштерімен бірге «Шетелдік легионер» ретінде Украин майданында соғысу мүмкіндігін қарастырған екен. АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шегініп кеткеннен кейін, тәліптермен тіл табыса алмасын білген әскерилердің көбі Иранға қашқан. 

Моя работа – документировать". О чем рассказывают журналисты из Германии,  Украины и России, которые работают на войне«Human Rights Watch» ұйымы Талибан үкіметі рақымшылық жасау туралы уәделерді елемей, ауған режимін басып алғаннан кейін көп өтпей 100-ден астам бұрынғы ауған сарбаздары, барлау қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін өлтіргендіктерін мәлімдеді. Кейбіреулері дерексіз кеткен. Өткен қазан айында БҰҰ таратқан ақпаратта бұрын Ауғанстан қарулы күштері қатарында басшылық қызметте болған және үкіметте қызмет еткен адамдардан 160 азаматтың Талибан үкіметі тарапынан өлім жазасына кесілгендігі, 178 адамның қамауға алынғандығы туралы айтылған еді. Бұл аталған оқиғалар шетелдерге босқын болып кеткен әскерилерге тіпті соққы болып тиген. Мұндай жағдайда олардың өз беттерінше Ауғанстанға қайтпайтыны белгілі. Сонымен қатар Иран үкіметінің пана боларына да сенбейтін көрінеді. 

Иранда босқын болып жүрген Ауғанстанның бұрынғы үш генералы «Associated Press агенттігіне» сұхбат берген. Олардың берген мәліметіне қарағанда, Ресей бұрынғы ауғандық мыңдаған элиталық жасақтарды «шетелдік легионға» тартуға үміттенетінін, оларға айына 1500 доллар көлемінде тұрақты жалақы төлейтіндіктерін, бұдан бөлек өздерінің және отбасыларының амандығына кепілдік беретіндігіне уәде еткен көрінеді. Абдул-Раф Агандивал есімді генерал: «Олардың соғысқа барғылары келмейді, бірақ басқа амалдары жоқ. Маған хабарласқан жігіттердің барлығының бастары қатып жүр. Бір жағынан Иран үкіметі оларды депортациялап жібере ме деген күдік басым. Ал ондай күн туатын болса, Ауғанстанда бізді ажал күтіп тұр», – депті. 

Генерал Агандивердың айтуынша, ауғанстандық әскерлерді жалдау операциясын ресейлік «Вагнер» жалдамалы тобы басқарады екен. Ал «Вагнер» тобының негізін қалаушы екенін мойындаған Евгений Пригозиннің баспасөз хатшысы бұл топ қазір «бұрынғы ауған сарбаздарын жалдап жатыр» деген мәлімдемені жоққа шығарған.

Шибатулла Ализай есімді генерал тәліптер билікке келгенге дейін Ауғанстан армиясының соңғы штаб бастығы болған. Ол Ресейде тұратын және орыс тілін меңгерген Ауғанстан арнайы күштерінің бұрынғы қолбасшысы да бұл іске көмектесіп жатқаны туралы мәліметпен бөліскен.

Иранға қашып кеткен ауған арнайы күштерінен қанша адамға Ресейден ұсыныс түскені белгісіз. Бірақ ауған арнайы күштерінің бір қызметкері «Associated Press агенттігіне» өзінің  WhatsApp арқылы 400-ге жуық адаммен осы мәселе бойынша байланысқа шығып жатқанын жасырмай айтыпты. Ол көпшіліктің депортациядан қорқатынын және Америка Құрама Штаттарының оларды тастап кеткеніне ашулы екенін атап өткен. 

Ауғанстан армиясының бұрынғы бас штабының басшысы Ализайдың айтуынша, Ресейдің әскерді жасақтау жұмыстары Теһран мен Мешхедте шоғырланған. Мешхед – Иран шекарасындағы Ауғанстанға жақын қала. Қазір мұнда Ауғанстаннан қашып келген көптеген адамдар тұрып жатыр. Ал «Associated Press агенттігіне» сұхбат берген Абдул-Джаббар әл-Вафа атты генерал Иранда бас сауғалап жүрген бұрынғы әскерлердің ішінде қанша адамның орыстардың ұсынысын қабылдағандығын білмейтіндігін айтыпты.  Мақалада «Ресей Қорғаныс министрлігі осы мәселелер бойынша журналистердің сұрауларына ешқандай жауап бермеді», – дейді.

 

АҚШ-тың түсініксіз шешімі

Война с Россией - США могут увеличить свое присутствие в Европе - новости  мираТамыз айында Республикалық конгрестің есебінде АҚШ Әскери-теңіз күштері мен Жасыл береттер (армияның арнайы күштері) бірлесіп дайындаған ауған әскерлері АҚШ-тың тактикалық ақпаратын IS, Иран немесе Ресейге таратып жіберуі немесе олар үшін соғысуы мүмкін деп арнайы ескертті. Ауған жеріндегі 20 жылға жуық жүргізілген арнайы операция кезінде жалпы саны 20-30 мың аралығындағы ауған азаматтары АҚШ әскерилерінің арнайы дайындығынан өткен. АҚШ әскерлері Кабулдан кетпей тұрған уақытта баспасөз беттерінде «Ауғанстан қарулы күштері – Орталық Азия аймағындағы ең таңдаулы армия. Ауғанстан АҚШ-тың көмегімен әскери салада көптеген жетістіктерге жетті. Олардың әуе әскерлерінің базасында жақсы ұшақтар мен АҚШ үлгісімен дайындалған сарбаздар қызмет етіп жатыр» деген мәліметтер таралғаны есімізде. Алайда АҚШ әскерлері Ауғанстаннан кеткен кезде қыруар әскери техниканы қалдырып кеткен. Өкінішке қарай, олар кете салысымен-ақ Талибан жасақтары Кабулды өз бақылауларына алғаны белгілі.

Ауғанстанда қызмет еткен ЦРУ-дың отставкадағы офицері Майкл Малрой: «Біз бұл адамдарды уәде еткендей шығарған жоқпыз, енді оның зардаптарын шегетін кез келді. Шынымды айтсам, мен оларды ешқандай ұрыс алаңдарында, әсіресе украиндықтарға қарсы соғысқа араласқанын көргім келмейді», – депті. Бұл жерде Байден Үкіметінің неліктен бұл қадамға барғандығы, артына не себепті бітпес дау мен толастамайтын соғысты қалдырып кеткені түсініксіз дер едік. Бұл жерде Ауғанстанды ішкі былықтың отына тастай салып, әлемнің екінші бір нүктесіндегі қоламтаны қоздатқысы келді ме деген күдік басым.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380