Роман Скляр Павлодар облысына барды

Роман Скляр Павлодар  облысына барды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр «Ауыл  – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жол инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандар жөнделген Павлодар облысының бес ауылдық елді мекенінде болды. 

Биыл Ертіс өңірінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде жалпы тұрғындар саны 25 мың адамнан асатын 22 ауылдық елді мекенде инфрақұрылымды жаңартуға кірісті. Жүзеге асыруға жоспарланған 70 жобаның басым көпшілігі аяқталды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында кешенді көзқарас арқылы ауылдықтар үшін қажеттінің бәрі жөнделді әрі қалпына келтірілді. Роман Склярдың жұмыс сапары Ертіс ауданының Қызылжар ауылынан басталды. Мұнда ол бұрынғы Ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғимаратын реконструкциялау нәтижесінде ашылған Мәдениет үйін қарап шықты. 

– Бұрын бізге балалармен жұмыс істеу үшін кішігірім ғимарат жалдауға тура келетін, – деп хабарлады Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Татьяна Христовская. 

– Жаңа ғимаратқа көшкен соң, жаңадан балаларды қабылдау мүмкіндігіне ие болдық. Біз қазірдің өзінде домбыра үйірмесі мен хореография сыныбын ашып үлгердік. Болашақта ауылымыздың өз ансамблі болғанын қалаймыз. Сонымен бірге  Премьер-министрдің орынбасары мәжіліс және спорт залдары, асханасы жөнделген жергілікті мектепте болды. Сонымен қатар Қызылжар ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асырудың арқасында жалпы ұзындығы 5 километрден астам 9 кентішілік жолдар кеңейтіліп, оларға асфальт төселді. Ақтоғай ауданының Приреченское ауылындағы нысандарды тексеру кезінде Роман Скляр жалпы орта білім беру мектебіндегі күрделі жөндеудің сапасын зерттеп көрді. Мемлекеттік бағдарламаның есебінен мұнда ғимараттың шатыры мен қасбеті, асхана, спорт залы және басқа да ішкі жайлар жөнделді. Сонымен бірге жергілікті тұрғындар жаңа жолдарға ие болды. Ауыл ішіндегі бес көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында жаңартылған Мәдениет үйі таныстырылды. Ғимаратқа жүргізілген жаңғырту жұмыстарының арқасында үш би үйірмесі, вокалдық топ пен еріктілер клубы жайлы жағдайда дайындық жүргізе алады. Дәл осындай жұмыс кітапханада да жүргізілді. 500-ден астам бала оқитын ауылдық мектепте де күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен бірге  Новочернояркада жалпы ұзындығы 4 километрден асатын төрт көшеге асфальт төселді. Павлодар ауданының Заря ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының арқасында толық көлемді футбол алаңы пайда болды. Мұнда ауылдың спортпен шұғылданғысы келетін барлық тұрғындары жаттыға алады. Сондай-ақ  мұнда жергілікті мәдениет үйі мен мектепте де жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 – Білім мекемесінің ғимараты 1975 жылы салынғаннан бері бұнда ішкі жайлардың күрделі жөндеуі жүргізілмеген, – деді мектеп директоры Гүлжанар Жанкаринова. 

– Биыл мектептің жарықтандыру жүйесі, кабинеттердің есіктері, бірінші және екінші қабаттардағы еден тақтайлары ауыстырылды. Балалар да, олардың ата-аналары да жөндеуден соң мектепке келгенде бұнда әлдеқайда жарық әрі жайлы болғанын атап өтті. Роман Скляр Аққулы ауданының Ямышево ауылына да барды. Биыл Мәдениет үйі салынып, 5 шақырымнан астам кентішілік жолдар жөнделді.

Тілеуберді САХАБА
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791