Рухани құндылықтарды аяқасты етпейік!

Рухани құндылықтарды аяқасты етпейік!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНЕ,  ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНЕ,  ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНЕ

 

«Қазақ Билер Алқасы» Қоғамдық Бірлестігі мен 

«Қазақстандық ата-аналар Одағы» Қоғамдық 

Бірлестігінің атынан

 

ҰСЫНЫС ХАТ

2022 жылғы елімізді күйзелтіп кеткен «Қанды қаңтар» оқиғасынан кейін қазіргі Президентіміздің бастамасымен «Жаңа Қазақстан» атты елде түбегейлі реформа жасау жобасы жолға қойылды. Себеп: 30 жылдан астам тәуелсіз ел болған кезімізде елдің тарихи иесі Қазақ халқының рухани құндылықтары аяқасты етілгені аян болды. Мәселен, мемлекеттік мәртебедегі мың жылдық тарихы бар бай тіліміз өкіметте қолданыстан шеттетілді. 

Ғасырлар бойы «Дала өркениетімен» келген құнды дәстүр-салтымыз жас ұрпақты тәрбиелейтін оқу орындарында оқытылмады. Тек қана батыстық, еуропалық оқу бағдарламалары мен рухани құны аз жылтырақ мәдениеттер оқытылып, насихатталумен болды. Бұлардың бәрі біздің халқымыздың менталитетімен еш сәйкеспейтіндігін ғалымдарымыз, тарихшылар мен педагогтер айтып, ескертумен келеді. Атап айтсақ, «үштілділік» оқу бағдарламасы жас ұрпақтың ұлттық психологиясын бұзатын қастандық десе де болады. Және соңғы 10 жылда шығарылған мектеп оқулықтарының мазмұнындағы сорақы олқылықтар балаларға толыққанды ұлттық, адамдық тәрбие бере алмады. Биыл оқу бағдарламасына енгізілген «Жаһандық құзірет» («Глобальная компетенция») пәніндегі асырасілтеушіліктер, теріс жыныстық тәрбие мәселелері ұлтымызға қатысты жасырын жүргізіліп жатқан шабуыл демеске амал жоқ. 

Бұдан бөлек ата-ана мен бала қарым-қатынасына орасан сызат түсіретін 2020 жылғы атышулы «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасы Мәжілісте талқыланып, тіпті қабылдануға шақ қалған еді. Тағы да жастар арасында кеңінен тарай бастаған Валентин күні, Хелоулин секілді қауіпті, азғын мерекесымақтар кейінгі буынның сана-сезімін саяздатып, бүлдіруде.

Ал халықтың дүниетанымына тікелей әсер ететін телебағдарламаларда ұлттық дәстүр мен  хақ дінімізге қайшы әрекеттер насихатталумен келеді. Мысалы «Қалаулым», «Бір болайық», «Қосылайық» секілді телебағдарламалар халқымыздың санасын улап, азғындыққа, рухани мүгедектікке сүйреп бара жатқандығы айтудай-ақ айтылуда. Міне, осындай іріткі салушы бейбастақ әрекеттердің ақыры жақсылыққа апармайтындығын қоғамдағы дұрыс ойлай алатын азаматтардың бәрі мойындауда. Сондықтан «Жаңа Қазақстан» болу үшін оқу-білім, тәрбие саласы мен мәдениетті түбегейлі реформа жасау қажет.

Осы жасалатын реформаның толыққанды іске асуына септігін тигізетін мынандай ұсыныстарды ортаға салғымыз келеді: 

1. «Қалаулым», «Бір болайық», «Қосылайық» телебағдарламаларын жабу. Олардың орнына ұлттық бояуы қанық, адамшылық құндылықтарын, халқымыздың байырғы құнды салт-дәстүрлерін насихаттайтын «Құда болайық», «Келін түсіру» секілді бағдарламаларды шығару. Және телехабар жүргізушілерінің киім кию үлгісіне де ұлттық мәдениетімізді, әдеп нормаларын танытып тұратын талаптар қою қажет деп білеміз.

2. Жас ұрпақтың бойында дұрыс идеал қалыптастыру үшін еліміздің дамуына үлес қосқан ғалымдарымыз бен қайраткерлерімізді, тұлғаларымызды насихаттайтын бағдарламаларды шығару.

3. Ұлттық сәйкестендірудің (идентификация) бір тәсілі – киім мәселесі. Осы бағытта, яғни ұлттық ділді қайта жаңғырту мақсатында мектепте, жалпы оқу орындарында ұстаздар мен оқушыларға лайықтап (қыз балаларға қысқа етек кигізетін формаларды өзгертіп), ұлттық нақыш пен әдепке сай киім түрлерін (бірнеше форма үлгілерін) шығару. 

4. «Тәрбие – талбесіктен» қағидатына сай ұлттық тәрбиені ертерек  бастауымыз қажет. Мысалы, балабақшаларда вальс билету секілді жат үрдістерді тоқтату керек. Ұлттық дәстүрлерімізді сіңіруді осы балабақшадан бастау қажет.

5. Балабақша, орта мектеп, колледждер мен жоғары оқу орындарында Қазақ ұлттық құндылықтары жүйелі түрде насихатталып жазылған оқу бағдарламасы мен оқулықтарды, мысалы «Абайтану», «Ұлттық дүниетану», «Өлкетану», «Ұлттану» секілді оқулықтарды дайындап шығару. Сондай-ақ оқу орындарын «сөйлейтін қабырға» тәсілімен безендіру; яғни қазақ ғұламалары мен ақын-жазушылардың нақыл сөздері мен «Қазақ жігітінің, қызының әдеп ережелері» секілді ғибратты дүниелерді жазу.

6. Текті еліміздің салиқалы салт-дәстүріне, ұлттық діліне қайшы келетін, қазақ халқының азаматтарының ар-намысына тиетін, ұлтараздық қақтығыс тудыруы мүмкін кез келген жиындарға, тренинг пен концерттерге тоқтау салынуы керек! Осы мақсатта және көпшілікке қолжетімді БАҚ пен әлеуметтік желілердегі хабарлар мен кинофильмдерге, аудио және бейне өнімдерге сараптама жасап, рұқсат беретін, мысалы «Ұлттық талғам» секілді сараптама комиссиясы құрылуы тиіс деп санаймыз.

7. «Еңбекке баулу» пәнінің құрамына ұлттық қолөнер бұйымдарын (ою-өрнек салу, сырмақ, кесте, тоқыма, киім тігу, домбыра жасау, ат әбзелдері, т.с.с.) жасауды жолға қою. Сондай-ақ «Дене шынықтыру» пәнінің құрамына ұлттық ойындарды (мысалы: тоғызқұмалақ, асық ойыны, арқан тартыс, т.с.с), атқа мінгізуді енгізу; ұлттық тағамдарымызды балабақша және мектеп қабырғасындағы асханалардың ас мәзіріне енгізу.

Біз, ата-аналар мен Қазақ билері «Жаңа Қазақстан» деген бағдарламаны халқымыздың салауатты салт-дәстүрлерін жаңғырту, өз тамырымызды табу арқылы дүниежүзілік өркениетке жалғану деп түсінеміз. Біздің мақсат – жоғарыдағы ұсыныстарымыз арқылы елімізде жаңа салауатты, сауатты қоғам қалыптастыру!

 

«Қазақстандық ата-аналар Одағы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі, «Қазақ Билер Алқасы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі және «Ана мұраты» тобы
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 18
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 6
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8943
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8335
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11563
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9321
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10547