Садақ ату: Жаңаөзендегі республикалық чемпионат

Садақ ату:   Жаңаөзендегі   республикалық чемпионат

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: «Жаңаөзенде алғаш рет дәстүрлі садақ атудан 1-і республикалық чемпионат өтіп, еліміздің үздік мергендері анықталды»,– деп хабарлайды. Чемпионатқа 200-ден астам садақшы қатысты. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов: «Дәстүрлі садақ ату соңғы 4-5 жылда ұлттық дәрежеге көтерілді. Қазір бұл спортқа мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Жарысқа еліміздің көптеген облысынан кіл мықтылар келді. Біз бұл спортты әлемдік деңгейге шығаруға дайынбыз, ол үшін жан-жақты қолдау білдіреміз. Жақында Түркияда өткен көшпенділер ойынында еліміздің садақшылары 2-орын алды. Бес елдің ішінде Қазақстан 2-орын алып, 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен оралды», – деді. 

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды Шымкент қаласының мергендері жеңіп алды. Абай облысының командасы 2-орынды, Жетісу облысының мергендері 3-орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ әр нысана бойынша жас шамасына қарай үздік мергендер анықталып, оларға да ақшалай сыйақы табысталды. Ашық аспан астында өткен спорттық шараны 2500-ге жуық көрермен тамашалауға келді.

 

Ермек Сахариев
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 342
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 485
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 331
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 190

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18246
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18106
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31845
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35560