«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ШАЛҒАЙ СТАНЦИЯЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ.

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ШАЛҒАЙ СТАНЦИЯЛАРҒА  КӨМЕК КӨРСЕТТІ.
Республика бойынша қолға алынған «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысы қарқынды дамып келеді. Аталмыш пойыз өткен сенбіде ауданымыздың Шоқпар ауылдық округіне қарасты темір жол стансасына келіп, жергілікті тұрғындарға медициналық және құқықтық көмек көрсетті.
«Саламатты Қазақстан» пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлме, зертхана, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.Жоба шеңберінде тұрғындар (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, невропатолог, әйелдер дәрігері) медицина саласының бірқатар мамандарынан тегін кеңес алып, ем қабылдауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, бұл жерге келе алмайтын, үйде ауырып жатқан адамдар болса, оларға қажетті мамандар мекен жай бойынша барып, медициналық көмек көрсететінін де назарға салды.
Барлығы сегіз вагоннан тұратын қызмет көрсету пойызы еліміздің 17 облысындағы (Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан басқа) шалғай станцияларға тоқтап, сол елді мекенде екі күн бойы жергілікті халыққа қызмет көрсетіп келді.
Аталмыш шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев өз сөзінде жиылған қауымға осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өз денсаулықтарына қырағы қарауға шақырды және «Саламатты Қазақстан» пойызының қызметіне сәттілік тілеп, осындай маңызды шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Шу ауданы әкімдігі
05.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14430
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14349
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29496
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28126
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31660