Шалғай ауыл 1980 жылдан бергі жол азабынан құтылды

Шалғай ауыл 1980 жылдан бергі жол азабынан құтылды

Кейде дана қазақтың «Бір жол бар алыс, алыс болса да жақын, бір жол бар жақын, жақын болса да алыс» деген сөзі көзге көрінген жерге ет пісірім уақытта жеткенде еріксіз ойға оралады екен. Бұл тәмсілді ауданнан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Сеңгірбай ауылының тұрғындары жақсы біледі. Бар болғаны 15 ауласы бар ауыл, ауыл болып қалыптасқалы Шайдана елді мекенімен байланыстыратын жолдың қиындығын көріп келеді. Тегісінен шұңқыры көп жол арқылы оқушыларды Қ.Сартбаев атындағы орта мектепке тасымалдайтын жүргізушілер көліктің қозғалтқыш бөлшектері жиі істен шығатынын жоққа шығармайды. Алажаздай шаңы көтеріліп, қыс мезгілінде саңылаулары үлкейетін жол темір тұлпарды тізгіндеген азаматтардың берекесін қашырғалы қашан. Дегенмен, бұл көрініс өткеннің күнделігінде қалып отыр. Иә, ауылға барар жол тақтайдай тегістеліп, жол жабындысы төселді. 

Шалғай ауылға арнайы барған аудан әкімі Сәкен Арубаев 3,5 шақырымға төселген асфальттың сапасын көріп, ауылдың байырғы азаматы Ерғазы Алжановпен жолықты. Ауыл азаматтарының көптен бергі сұранысын жеткізіп, кездесулерде жол мәселесін көтеріп жүрген тұрғын өңір басшысына алғысын білдірді.

 – Бүгінгі ауылдықтардың қуанышында шек жоқ. Ауылға 40 жылдан кейін асфальт төселіп отыр. Таныстарымыз «айдалаға отау тіктеген ауылда асфальт қайдан болсын» деп үмітімізге күмәнмен қараушы еді. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолдың қарекетіне кіріскенде, телефонға түсіріп алып жібердім. Енді жұртшылық көліктерін жаңа маркаға айырбастауды ойлап жүр. Алдыңызға осы жағдайды көтеріп барғанда ағымдағы жылы шешімін табуға күш салатыныңызды жеткізіп, бүгінде сол уәдеңіздің орындалғанына ризашылығымды білдіремін, – дейді ауыл жанашыры. 

Өз кезегінде сөз алған Сәкен Қаланұлы бұл жұмыстар ел игілігі жолында жасалып жатқанын, жұртшылықтың қуанышына ортақ екенін айтты. 

Жалпы өңірдегі жол жөндеу жұмыстары туралы аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбековтың айтуынша, биыл 10 ауылдың 26 ауылішілік көшелері және аудандық мәндегі 5 жолға асфальт төселеді.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796