САНДЕЛДІҢ БАЛЫҚТАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

САНДЕЛДІҢ БАЛЫҚТАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Қала маңындағы Гродеково ауылында тәлімбалықтарды өсіретін «Сандель» шаруа қожалығының даңмаңдай, тұқы балығына деген сұраныс өте көп. Жуырда ғана Дильмурат Хусаин-Ахунов төрағалық ететін шаруашылық Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзеніне 540 мың тұқы тұқымдас шабақты жөнелткеніне куә болсақ, өткен аптада балықшылар Түркістан облысындағы Шардара су қоймасына 690 мың балық жіберді. Негізі шаруашылық жылына екі рет республикадағы сұранысқа ие су айдындарына шабақ тасымалдайды. Ал тапсырыс берушілер санделдіктердің тірлігі тиянақты екенін жақсы біледі.

 

– Мемлекетіміз балық асырауға ерекше көңіл бөліп отыр. Өздеріңіз білесіздер, бастапқыда қазіргі балық шаруашылығы инспекциясы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрамында болды. Жасырары жоқ, қадымымыз қысқарып, бұл сала кенжелеп қалды. Бөлініп шыққалы, жұмыстар жүйеленіп, ел көлемінде балық шаруашылығы дамып келеді. Ал санделдіктермен жұмыс жасап жатқанымызға екінші жыл толды. Балықтары су айдындарына тез бейімделгіш келеді. Шардара су қоймасына 500 мың тұқы балық пен 190 мың даңмаңдайды екі КамАЗ автокөлігіне артып тасымалдағалы жатырмыз, – дейді Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша бөлімінің басшысы Шакен Боранбай.

Сандельдіктер мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайды. Олар өз істеріне әбден машықтанған. Үш бассейіндегі тәлімбалықтарды шығынсыз құрықпен қалқып алып, суға толы цистернаға тиейді. 

Біз шаруашылық жетекшісі Дильмурат Хусаин-Ахуновты сөзге тартқанымызда:

– Шаруашылығымда 18 адам жұмыс істейді. Айлық табыстары көңіл көншітерлік. Уақытылы беріліп тұрады. Жылына мұнда 3 млн ға жуық шабақ өсіріліп, алдымен елімізге, содан соң облысымыздағы су айдындарына жеткіземіз, – дейді ол.

Ал жұмыстың аяқ алысы мен шаруаның жайын бес саусаңындай меңгерген шаруашылықтың ихтиологы Нұрлан Молдабеков балықтардың күтіп-баптауын, жемшөп шашу, қоймалардағы суды ауыстыру және шабақтарды жөнелту жұмыстарын таптұянақтай орындайды. «Нұрекең – өз ісінің маманы», дейді қасындағы әріптестері. 

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы
07.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799