Саяси және гуманитарлық мәселе

Саяси және гуманитарлық мәселе

Тоқаев ресейліктердің көшіне қатысты "Бұл саяси және гуманитарлық мәселе" деп мәлімдегенде "саяси" деген формулировкамен келісуге болады. Саяси жағдайдан туындаған дүрбелең екені рас. Бірақ "гуманитарлық" дегенін қалай түсіндік? Олар не, жаппай аштық жайлаған жерлерден ауып келген ба еді? Ресейде аштық басталды дегенді естімедім. Бәлкім табиғи апат, жер сілкінісі, цунами, өрт болған шығар мекендерінде? Одан да аман. Эпидемия, ауру тарап қырылып жатыр ма? Тағы да жоқ. Тым құрығанда соғыс шарпыған аймақтардан қашқан босқындар болар? Олай да емес. Онда қайдағы гуманитарлық жағдайды айтып отырсыз, Президент мырза? Оларды максимум туристтер деуге болады. Ал туристке жанашырлық танытқанды, құдай біледі, алғаш естуім. 

Керісінше, қалыптасқан жағдайды толықтай контрольде ұстап, тізгінді уыстан шығармаймыз десеңдер, олардың осындағы жүріс-тұрысын толықтай регламенттеп тастаған жөн.

 Мәселен, төмендегідей талаптар қойған артық болмас еді:

 

1. Туристік мақсатпен уақытша келдім деп сылтауратқандарға ИИН мен есеп-шот ашуға рұқсат бермеу. 

2. Сим карталарын ресми тіркеуден өткізу. 

3. Қазақстанға не мақсатпен және қанша күнге келгенін нақты көрсету.

4. Жалға пәтер алса, пәтер иесімен жасаған келісім-шартты тіркеу. Салығын төлеу

5. 15 күннен артық уақытқа келгендерді миграциялық полицияда тіркелуге міндеттеу.

6. 15 күннен артық мерзімге келгендер үшін тұрғын салығы мен экологиялық төлемдер енгізу. Олар да қоқыс шығарады, республикамыздың жол тораптарын, су ресурстарын пайдаланады Сондықтан төлесін, 

7. 15 тәуліктен астам уақыт тұратындарды Қазақстан Республикасының заңдары мен қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзбаймын, бұзған жағдайда депортацияға келісім беремін деген қолхат жазуды міндеттеу.

8. Ешбір қазақстандық және Қазақстанда тіркелген шетелдік қоғамдық және саяси ұйымдарға мүше болмаймын, жиындарына қатыспаймын деген міндеттеме алу және оны бұзған жағдайда депортацияға келісім беремін деген қолхат жазуды міндеттеу.

9. Қазақстанға қарсы әрекет еткен өзге мемлекеттерді қолдамаймын, қолдаған жағдайда Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 255 бабы (терроризм) бойынша іс қозғалатыны жайында хабардар етілдім деген хаттамаға қол қою.

10. 15 күннен артық уақытқа келгендер апта сайын учаскелік инспекторға көрініп, тірі екенін көрсетіп тұру.

11. Жұмысқа тұруға арыз жазғандарға жоғарыда аталған талаптармен бірге  мемлекеттік тіл мен Ата-Заң баптары бойынша емтихан тапсыруды міндеттеу. Мұндай заң Ресей федерациясында бұрыннан бар. Сондықтан оларға бұл талаптар таңсық болмауы тиіс.

Мұхтар Түменбаевтың ФБ парақшасынан
29.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Мешіт – имандылықтың ұясы»
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы - 15.09.2024 68
БҮГІН ЖАҢАТАЛАП АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ
✅Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі - 15.09.2024 11
«ТҮРКІСТАН АРЕНАҒА» ОРАЛҒАН «ТҰРАН»  КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 15.09.2024 5
СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.09.2024 106
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 156
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 169
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 619
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 726
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 725

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4546
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3990
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6439
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4949
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6151