ШЕГІНЕТІН ЖЕР ЖОҚ

ШЕГІНЕТІН ЖЕР ЖОҚ

Кеше осы желіге «Nur Otan»  партиясының атауының «Amanat» деп өзгеруіне байланысты қысқа ғана жазбамды салған  едім. Бүгін съездің қорытынды материалдарын оқығаннан кейін ойды ой қозғап, төмендегі жайларды іште бүгіп қалуды жөн көрмедім.  Съезде Президент, партияның көшбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдағы кезеңнің бірқатар  басым міндеттерін  айқындап берді. Атап айтқанда, таяу уақытта  партия қызметіне маңызды өзгерістер енгізілуі,  барлық буындарда аппараттың тиімділігі  арттырылуға тиіс. Өте дұрыс айтылған сөз деп санаймын. Өйткені бізде жоғарыдағы  партия аппаратының-үкіметтің, ал облыстық, аудандық деңгейде әкімдіктердің «табағына» қол салатын кездері аз емес. Содан да қағазбастылық артып, тұрғындармен тікелей жұмыс ақсап тұр. Партия функционерлері арасында қарапайым халыққа шекесінен қарайтын, өтініштерін жүре тыңдайтын бюрократтар да жетіп артылады. Халық асыра сілтеуден, уәдені үйіп-төгуден, көзбояушылықтан әбден мезі болды. 

Жасыратыны жоқ, қазір адамдар қай партияға болмасын сенбейді. Осы ретте Мемлекет басшысының  партияластардың ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған дұрыс деген сөздеріне мен де қосыламын. Қазіргі жаңару кезеңіндегі ауқымды міндеттердің ескі кадрлардың күшімен шешілмейтіні айдан анық. Олай болса, партия ұйымдары аппараттарын қайта жасақтау, әсіресе, басшылардың қатарын партияға шын берілген, халықпен мидай араласып жұмыс істеуге дайын адамдармен толықтыру керек. Ал қазір партия ұйымдарының аппараттарында отырғандардың дені -әкімдіктерге иығы симаған бұрынғы шенеуніктер. Осыған дейін партияның, халықтың  көсегесін көгертпеген олар жаңа кезеңде ескіге жармасып, елдің етегінен тартқаннан басқа не істей алады?!  Жалпы, «Amanat»-тың бәсекелестік қабілеті артсын, адалдық пен әділдік салтанат құрсын десек, әкімдерді оның басшылығынан босату, мемлекеттік қызметшілерді мұрынын тескен бұзаудай көгендеп,  билік партиясының бағанына байлауды доғарғанымыз дұрыс. Мұндай тәсілдің пайдасынан зияны көп екенін күнде көріп жүрміз. Олар әркез билікке жалтақтап, әке десең де халықтың сөзін сөйлемейді. 

Тағы бір мені көптен мазалап жүрген ой- біздің елімізге, 18 миллион халыққа 2 партия жетіп жатыр. Ол үшін демократияландыру деген желеумен сала-сала бойынша  қуыршақ партияларды қаптатып, оларды орынды-орынсыз  қолдауды шектеуіміз керек. Тіпті сол партияларға бюджеттен қаржы бөлудің өзі артық. Ашық бәсекеге түссін, өсін, жетілсін. Өзінің өміршеңдігін, қуатын  дәлелдесін. 

Мен мұның бәрін неге айтып отырмын. Жас кезімде екі соғыс ардагерінің қарамағында қызмет істедім. Сыртқа шығармаса да, екеуі де оңашада «біз осы не үшін соғыстық» дегендей, ұлттың, тілдің жағдайына алаңдаушылық білдіріп, сол кездегі коммунистік партияның қызметіне көңілдері толмай отырушы еді. Брежнев кезіндегі жеке басқа табынушылық олар түгілі, біздің өзімізді де шаршатып жіберетін. Брежневтен кейін билік басына Михаил Горбачев келді. Билікті қолға ала салысымен елге үлкен өзгерістер керек деп ұрандатты. Қуандық. Бірақ сол өзгерістердің жемісін халық сезіне алмады-ау деймін?! Әйтеуір Құдай беріп, ойламаған жерден Тәуелсіздік алдық. Жүрегіміз жарылудың аз-ақ алдында қалды. Өз қолымыз өз аузымызға жетті, енді жарылқанамыз деп дәмелендік. Билік,партия уәдені үйіп –төкті. Реформадан –реформа... Нәтиже тағы да нөл болып шыққанын Президенттің өз аузынан естідік. Енді шегінетін жер жоқ. Бар үмітіміз-Президентте!  Біз «Жаңа Қазақстанды» құруға құлшыныс танытып, шындықты бетке айтып отырған  Қасым-Жомарт Кемелұлына сенеміз! Алдымызда мемлекетіміздің  тағдырын шешетін аса маңызды ұлан-ғайыр  жұмыс тұрғанын да түсінеміз. Тек бұдан былай жартыкеш шешімдердің шырмауында қалып қоймайықшы!  Мұның партияны жаңғыртуға да тікелей қатысы бар.  

Жараспай Сүлейменовтың фб парақшасынан
05.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496