Шекарадағы жемқорлықпен күрес майданы

Шекарадағы жемқорлықпен күрес майданы

Еліміздің Қытаймен шекаралас бекеттеріндегі былық-шылық жайлы көптен айтылып жүр. Бірақ нақты шаралар жайлы естіген емеспіз.  Көбіне қылмыстық іс жайлы айтылғанымен, арты сиырқұйымшақтанып кететін. Күні кеше жағымды жаңалық тарады. Бас прокуратура Қытаймен шекаралас кеден бекеттеріндегі қылмыстарды әшкерелепті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әрине. (Егер президент тапсырма бермесе 

«Жабулы қазан жабуымен» жата берер ме еді, қайтер еді? Осы сөз тіркесінен құтылар күн болар ма екен?). Бізге жеткен мәліметке қарағанда Бас прокуратура кеден саласында тексерулер жүргізген. Сөйтіп көптеген заңсыз әрекетердің, қылмыстық істердің бетін ашқан. Тамыры тереңге кеткен сыбайлас-жемқорлыққа да біраз барлау жасағаны айтылуда. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлады. 

«Мемлекетке 165 млрд теңгеге залал келтірген кедендік төлемдерден жалтару және тауарларды жалған декларациялау фактілері анықталды. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісі орын алған. Кәсіпкерлердің салықтан жалтаруы үшін, уәкілетті экономикалық операторлар соңғы екі жылда 221 миллиард теңгеге жалған счет-фактураларды жасаған, - деді ол. Бұны аз көрсеңіз, тексерудің тек бір айында жалпы құны 800 миллион теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі анықталған. 

Мысалы, «GROUP OF THE COMPANIES TDA» компаниясы 287 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз алып өткен. Аталмыш компанияның директоры қамауға алынды. Сондай-ақ, кеден саласындағы жұмыскерлер өз қызметін лайықты орындамаған. Атап айтқанда, 27 қаңтарда «Нұр Жолы» кеден бекетінің маманы Мошканов, «Берекет Логистик» компаниясына тиесілі декларацияланбаған тауардың салмағын заңсыз азайтып, оны 337 кг деп көрсеткен. Алайда, прокурорлар жүкті қайта тексерген кезде, декларацияланбаған тауардың салмағы 22 тонна екендігін анықтаған. Ол тауарлардың құны 127 млн теңгені құраған. Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелерде мәліметті заңсыз өзгерту салдарынан 9 импорттаушы бюджетке 143 млн теңге шығын келтірген, – дейді ресми өкіл. 

Айта кетейік, бұл іске Алматылық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысы бар. «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары прокурорға 50 мың АҚШ доллары көлемінде, ал «Cargo Management» операторының өкілі 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген. Алайда прокуратура қызметкері олардың заңсыз әрекетіне тоқауыл қойып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп арнайы шаралар жүргізу кезінде пара берушілердің әрекетін әшкерелеген. Жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін Үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, - деді ол. 

Нағашыбай Қабылбек
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 106
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 105
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 624
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 742
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 654
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 664

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8799
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8199
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411