«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ
Бұл жайында брифингте Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Бектаев мәлімдеді.
- 2023 жылы «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болды. Жалпы аталған жобаға түркістандық жастардың қызығушылығы жоғары. Айта кететін жайт, серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады. Биыл да 1 мыңнан астам маман бітіруші түлектерге бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес жұмыстар басталып та кетті,- дейді Ернар Нұралыұлы.
Сондай-ақ, брифинге қатысқан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабылдау комиссиясының басшысы, «Серпін» штабының жетекшісі Лейла Байжұманованың айтуынша, бүгінде Түркістан облысының аудан-қалаларында бағдарлама бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек, спикер аталған оқу орнында биылғы жылға 700 гранттың бөлінгендігін, оның 200-і «Серпін» бағдарламасы аясында берілетіндігін айтты.
Айта кетсек, аталған жобадағы Түркістан облысы жастарының үлесі – 2018 жылы жалпы берілген 5 000 гранттың 67,3%-ын, 2019 жылы 5 100 гранттың 45%-ын, 2020 жылы 5 100 квотаның 2 100-ын құрады. Сонымен қатар, 2021 жылы 5 600 грантқа 979 студент, ал 2022 жылы 3 600 грантқа 1 мыңға жуық оқушы «Серпін» бағдарламасының қатысушысы атанған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1760
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1251
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2257
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3455