Шетелдіктердің визасыз кіре алатыны рас па?

Шетелдіктердің   визасыз кіре алатыны   рас па?

Соңғы уақытта қытайлықтарға визасыз режим енгізілді, Қазақстанның визасыз саясаты қытайлық туристерді қызықтыра бастады деп бұқаралық ақпарат құралдары мен халық ішінен түрлі әңгімелер тарауда. Шетелдіктерге іскерлік, жеке және туристік мақсатта саяхаттауға рұқсат етіледі. 2022 жылы шілде айында Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін біржақты тәртіпте визасыз режимді іске қосты. Сонымен бірге Үндістан мен Қытай үшін 72 сағаттық визасыз арнайы транзиттік режим тоқтатылды деп хабарлайды көші-қон қызметі комитеті. Визасыз режим шарттарына сәйкес, Үндістан, Иран және Қытай азаматтары Қазақстанда шекарадан өткен сәттен бастап 14 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Визасыз режимде елде болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезеңде 42 күнтізбелік күннен аспауы керек. 

Осы шартты бұзған шетелдік азамат мынандай әкімшілік жауапкершілікке тартылады:

10-нан 25 АЕК-ке дейін айыппұл салу;

15 тәулікке дейін қамауға алу;

Қазақстан аумағынан шығару;

елге кіруге 5 жылға тыйым салу; 

Сонымен қатар шетелдік азаматтарға визасыз режимде еңбек және басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады. Қызметпен айналысу үшін қабылдаушы тарапқа Қазақстанда жұмыс істеуге тиісті рұқсат пен визаны алдын ала рәсімдеу керек.

Жақында қытайлық турист Ся Цзиньцзинь Алматы арқылы Грузияға жол тартқан болатын. «Қазақстанға визасыз баруға болатындықтан, Алматы арқылы басқа елдерге ұшуға мүмкіндік бар. Ұшақ ауыстырмас бұрын уақытты тиімді пайдаланып, қаланың көрікті жерлерін де аралауға болады. Тіпті достарымның арасында Алматыға саяхаттайтындар не болмаса Алматы арқылы Түркияға немесе Тәжікстанның астанасы Душанбеге жол тартатындар көп», – дейді турист Ся Цзиньцзинь. Алматыда болған 10 сағат ішінде Ся Цзиньцзинь қаланың көрікті жерлерін аралап үлгерген. Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3,4 миллионнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсті. 

 

РАУАН МУТАИР
23.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 870
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6939
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10779
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7012
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7150