(Ана мен бала диалогы)
-Ана, әкем менің жоқ неге?
Тұрамын қатулана, кектене.
Жас ұрпаққа жүрегіңнен,
Сырғып шертші, ендеше!
Тыныштық!
Адамзат тілегі қашаннан,
Борышым деп білер әр адам.
Толқын күш қосылар біріксе,
Жаулардың үрейін ұшырған.
Ей, дүние!
Армысың, болашақ,
Өшпесін әлемде бар ошақ.
Жетім-ұл, жесір әйелдер,
Болмайды жұмылып қарасақ,
Соғыс-от, тажал-у себілген,
Жас болып көздерден егілген,
Кеудесін шер ғылып бөбектің,
Жасынан қорғылып өлтірген.
Әкелер аттанса майданға,
Өштесіп адамзат жауына,
Тарихтан оқыдық жорықты,
Болмасын, сұм соғыс тағы да!
Жанарлар! Аяқтар! Боздағым!
Қолынан айрылды бауырым.
Соғыстың кесірі-осылар,
Мүгедек, панасыз, жарығым!
Ей, балам!
Соғысың құрысын,
Тонайды адамның ырысын.
Тілейміз біз қазір, тыныштық,
Шайқалмай тұрсыншы,тұрмысым!
– Ана, ағам менің жоқ неге,
Мен жалғыз боп өскенім бе, кектене.
Ағам қайда, бауыр қайда, достарым,
Осы сұрақ езгілейді, өштене.
Ағалар, көк өрім, армандар,
Сыр болып алыста қалғандар.
Мен бүгін өздерің жайлы бір,
Жыр жазам, бақытты болғандар.
Ол үшін сөкпеңдер, ағайын,
Жыр болып жүректен тамайын
Осы сыр айтылмай, ей, балам,
Ағартты шашымның самайын.
Ағалар – ол балам менің де,
Бауырың жақының, сенің де.
Соғыстың өртіне шарпылып,
Өмірін жойды ол кезінде.
Батырлар – жас қыршын боздақтар,
Көзді жас, жүректі шел қаптар.
Алыстан үмітті үзбеймін,
Рухтанам болашақ шырақтар!
Ол шырақ адассам мезгейтін,
Өмірге жақсылық көздейтін.
Ағалар – қандарын ағызған,
От болды мәңгілік сөнбейтін!
– Ана, соғыс керек кімдерге,
Мүгедек боп қалған адам көп неге?
Неге соған жол береді, адамдар,
Соғыс өрті шығып кетсе, дүниеде.
Соғыс, соғыс, соғыс!
Өткердік біз нелер сұмдықты,
Көтердік ауыр қиыншылықты.
Оған куә адамдар бар тарихта,
Айтып берер, ашып берер шындықты.
Мен де балам, сол соғысқа қарсымын,
Адамдардың шақырайын ашуын.
Аналардың Ақ сүтімен Ант етем,
Соғыс – лаң, аты өшкір құрысын!
Кейінгілер естімесін көрмесін,
Адамзатқа Тынышты бергесін.
Өмір сүрсін.
Адалдықпен күнелтіп,
Бірін-бірі күндемесін.
Өсектерге ермесін!
Соғыс, соғыс!
Құрбан болған адамдар,
Тағзым етер.
Аппақ шашты Анаң бар,
Төмпешік боп басқа елдің төсінде,
Бақыты үшін,
Отан үшін құрбандар!
Оған кінә – соғыс атты алапат,
Адамдарға түсірді көп жарақат,
Жарақаттың зардабынан айрылмай,
Жапа шекті талай көздер, қарақат!
Соғыс – індет, аты өшсін құрысын,
Бейбіт, тұрмыс, шайқалмасын ырысым.
Тәуелсіздік жолды таза ұстаңдар,
Отан үшін, құрбан болу, борышың!
Ана сөзін әлпештеген адамдар,
Соған тілек жас ұрпақ пен сарбаздар.
Даңқты елдің арқа тұтар ұлдары,
Бұл әлемнің тыныштығын сақтаңдар!
Төреқұл Әлханұлы Баласағұни,
Жамбыл облысы, Шу ауданы,
Ақсу ауылы