«Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында құны 160 миллиард теңге болатын 62 инвестициялық жоба іске асырылады. Сондай-ақ өңірге 430 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, оның жартысы ауылшаруашылығына бөлінеді. Көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 489 мың тонна тұқым себіліп, 180 мың тонна минералды тыңайтқыш беріледі. Сонымен қатар биыл акционерлер жаңа түтін құбырын салуға және ЖЭО-2 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуден өткізуге 6 миллиард теңге бөледі. 1,1 миллиард теңгеге 7,2 шақырым жылу желілерін жөндеу және қайта жаңарту жоспарланып отыр. Өңірде 650 шақырым жол жөнделіп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. 16 мыңнан астам адам тұратын 22 ауылды сумен қамтамасыз ету ісі жақсартылды», – дей келіп, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында мектептер мен медициналық мекемелердің құрылысы туралы ақпаратты жеке ұсынды.