Сырттағы 6 млн қазақты қалай әкелеміз?

Сырттағы   6 млн  қазақты   қалай  әкелеміз?

Жеріміз кең, асты мен үстінің байлығы 100 млн адамды қиналмай асырауға жетеді деп сөйлегенде ешкімге жеңістік бермейміз.  Бірақ өзіміз қалт-құлт етіп әрең күнелтіп отырғанымыз қалай? Жә, дейік, бұл сөз сыралғысында айтылып жатқан нәрсе ғой.

«Гүлденген Қазақстанда» 30 жылда халық саны 19,1 миллионға әрең жетіпті. Соңғы санақ солай дейді. Қазақтардың үлесі – 70 пайыз. Біріміз «қытай» деп, біріміз «моңғол» деп кемсітетін оралман бауырларымыз келмегенде 50 пайыз түгілі, 40 пайызға зар болар едік.  (Бір қызық айтайын, Ресейге көшіп кеткен бір орыс досым бір кездескенде «Бізді Ресей орыстары «Қазақтар» деп тұқыртады деп күлгені бар. Германияға кеткен немістер де осы кепті бастан кешуде деп естимін).  «Ұлы көш» кейін талай «Тар жол, тайғақ кешуден» өтті. Әлі күнге қандастарға «көзге көрінбейтін» кедергі көп...

 Сыртта 6 миллион қазақ бар дегенді оқыдым. 6 млн! Оларды шекарадан кіргізу, азаматтық беру, қолдау жағы ақырет! Ал Ресей азаматтарына Қазақстан «проходной двор», сыпайылап айтсам, «Екінші үй». Кіріп шыға береді. Рақат!  Осыдан-ақ жүйеде бір «ақау» бары байқалады. Ол ақаудың аты – қазақ ұлтына деген қастандық! Қазаққа болмасын деген мысық тілеу! Әйтпесе бұл не тірлік?! Солтүстік пен шығысың құлазып бос жатыр. Топырақтан қазақ жасай алмай жатқанда, тілімізді өрістете алмай жатқанда  6 млн қазақтың тым құрыса жартысын  елге әкелуге не кедергі? Оған кеткен қаржы адал  екенін Үкімет білмеуі мүмкін емес. Демек ол жерде қазақтың көбеюіне  қарсы шенеуніктер отыр деген сөз!   Бос жатқан жер жау шақыратынын мен емес, бабалар айтқан... Қазақтың көші тоқтамасын деп,  «Ұлы көштің» жолында ұрандатып жүрген,  принципіне берік, айтар ойы биік азамат бар. Ол Ауыт Мұқибек дер едім. Ұлт мүддесі үшін, көші-қонның қамы үшін кейде ешкіні апа, текені жезде қылар, бірақ айтар жерінде «Айтаққа» ергенін көрмедім.  Қазаққа кім жаққан? Мұның да соры бес елі. Тура айтамын деп туғанына жақпай жүреді үнемі. 

Ауыт екі туып, бір қалғаным емес. Өте жақын болмасам да танимын. Сәлеміміз түзу. Оны «Ұлы Көшке» деген ұлы арманы үшін құрметтеймін. Ол оралмандар үшін ордалы жыланмен де шайқасуға дайын. Шайқасып та келеді. Жеке басында, іс-әрекетінде, мінез-құлқында, саясатқа араласып сансырап жүргенінде шаруам жоқ. Пенде ғой... Бәріміз де пендеміз.  Өз басым Ауыттың қазаққа дәл қазір ауадай қажет «Ұлы көштің» жолындағы өлермендігіне, принципшілдігіне, қайраткерлігіне ризамын. Осы жолда жайрап кеткен қазақ нағыз қазақ қой, шіркін! Сырттағы 6 миллион қазақ үшін бозторғайдай шыр-шыр еткен әр қазақ мен үшін паң қазақ! Нар қазақ! Ауыт кейде «ауыт» кетеді дерсіз, жоқ, ол сөзді «тауып» кетеді. Сондықтан одан дұшпандары «қауіп» күтеді. Ұлы көштің жолында Қадыр ақын айтпақшы, «...артық айтсам несі бар, Диюмен де достасамын есі бар» деп жүрген азамат қой Ауекең... 

Алла Тағала  жолын оңғарсын!

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8771
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8171
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9154
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10385