Тараз әкімі тілшілермен кездесті

Тараз әкімі тілшілермен кездесті

Өткен жұмада Өңірлік  коммуникациялар қызметінде Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте шаһар басшысы тоғыз айда атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттерді айтты. 

Ержан Жұматұлының айтуынша, тоғыз айдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталуда. Өнеркәсіптегі өндіріс көлемі, ауылшаруашылығы, негізгі капиталға салынған инвестиция, бөлшек сауда айналымы, құрылыс, тұрғын үй салаларында өсім бар. 

– Ағымдағы жылға бөлінген бюджет көлемі 80,7 миллиард теңгені құрады. Қаланың қосымша кіріс көздерін қарастыру жұмыстары жолға қойылды. Жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландыру бойынша қаланың өзіндік кірістерінің атқарылуына талдау жасалды. Камералдық бақылау, салықтық әкімшілендіру, салық берешегін өндіру жұмыстарын күшейту есебінен қосымша түсімдерді қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтадық. Нәтижесінде өзіндік кірістер көлемінің жалпы сомасы 3,2 миллиард теңгеге, салықтық емес түсімдер 127 миллион теңгеге ұлғайтылды, – деген Ержан Жұматұлы әр саланың дамуына жеке-жеке тоқталды. 

Қала әкімінің сөзіне сүйенсек, шаһарда 2021-2022 жылдары жалпы құны 17,8 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асырып, 1 044 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Сонымен қатар индустриялық аймақ арқылы жүзеге асатын жалпы құны 43,6 миллиард теңгеден асатын 14 жобадан тұратын әлеуетті қатысушылар базасы қалыптастырылыпты. Индустриалды аймақ толыққанды жүзеге асқанда жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың салық, бюджет түсімдері артады деп күтілуде. 

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар қаладағы жұмыссыздардың санын азайтуға көп септігін тигізуде. «Бизнестің жол картасы – 2025 жылы» бағдарламасы аясында 16,4 миллиард теңгеге 932 жоба қаржыландырылыпты. Бағдарламалардың тиімді жүзеге асқанының нәтижесінде 9 мыңға жуық азамат өз ісін ашып, 1 610 адам жұмыспен қамтылған. 

Ержан Жұматұлының келтірген мәліметтерге сүйенсек, тоғыз айда талай тірлік атқарылған. Жылдар бойы шешілмей келген көптеген түйінді мәселелер шешімін тапқан. Әр салада алға ілгерілеушілік байқалады. Алдағы жоспарлар да аз емес. 

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 59
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 53
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794