Таяу Шығыста жағдай ушығып тұр

Таяу Шығыста жағдай ушығып   тұр

Палестиналық «Исламдық жиһад» содырлары Газа секторындағы әскери операциясын бастағаннан бері Израильге қарай 380-нен астам зымыран атқылаған. Жиһадшылар өздерінің шабуылдарын кек алу әрекеті деп атайды екен. Израиль армиясы исламдық жиһадтың Газадағы болжамды нысандарына әуе шабуылдарын жалғастыруда. Бұл ретте ол Газадағы билеуші ХАМАС қозғалысымен ашық қақтығысқа түспей отыр. Израильдің қорғаныс министрі Бенни Ганц: «Біз лаңкестердің Газадан Израильге зымырандар мен дәлдікпен басқарылатын снарядтарды ұшыру жоспарын жүзеге асыруына жол бермедік және бұл жоспарын әлі де бұзатын боламыз. Біз Исламдық жиһадтың зымырандарын жасап, ұшыру үшін пайдаланған ондаған нысандарға соққы бердік», – дейді.  Халқы тығыз орналасқан Газа секторында зымыраннан бейбіт тұрғындар көз жұмуда. Алдын ала мәлімет бойынша, әуеден жасалған соққылардан 15 адам қаза тапты, оның ішінде 5 жасар қыз бала бар. 125 палестиналық азамат жарақат алды. Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, жиһадшылар елге атқылаған зымырандардың 9 пайызына «Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесі төтеп бере алды. Израильдің әскери операциясы бір аптаға созылатыны күтілуде. Еске салсақ, Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы исламшыл нысандарға әуеден соққы жасап, соның салдарынан Таяу Шығыстағы жағдай ушыға түсті.  Израиль әуе шабуылдарының салдарынан 15-ке жуық содыр қаза тапты. Оның ішінде «Палестиналық исламдық жиһады» командирлерінің бірі Халед Мансұр да бар.

 

Ермек Сахариев
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1701

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4107
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3773
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3927
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3862
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3935