Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды

Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кеткеннен кейін біраз уақыт жұмыссыз отырған Ералы Лұқпанұлы  Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. 

Ералы Тоғжанов ел ішінде «жұмыс істей алатын» басшылардың қатарында танылған адам. 

Халқымызда «кісіні айтпа, ісін айт» деген нақыл бар. Ералы Тоғжановтың кезінде жер мәселесі талқыға түсіп, қиын түйін шешілмей билік тығырыққа тірелгенде, қалың халық ширыққан уақытында жасаған ерен еңбегі, тапқырлығы, ұтқырлығы, қоғам белсенділерін ұйымдастырып, ортақ мәмілеге әкелуі нағыз шеберлік. Бұл ұйымдастыру қабілетінің жоғары екендігіне зор дәлел. Ковид кезінде айналаға қара түнек үйірілгенде қара нардай талмай күні-түні жұмыс істеуі, елмен бірге болып, қасіретін жеңілдетуге жасаған еңбегін де ерекше айтып кеткен жөн. Ералы Лұқпанұлының іскерлігін, мықты менеджерлігін демойындау керек. Ол Ақтөбе облысында қызмет істеген қысқа ғана бір жыл ішінде облысқа ірі көлемде инвестиция тартып, көптеген жаңа кәсіпорындардың құрылысын бастадыБасқа да жұмыстарды өңір халқының зор ризашылығына бөленді. Сондай-ақ ірі көлемде инвестиция тарта отырып, ядролық медицина орталығы мен медициналық бұйымдар шығаратын фабрика ашу, 800 метрлік қоспасыз рельс өндіретін зауыт құрылысы сынды көптеген ірі жобаларға мұрындық болды. Бұлар іскер басшының қолынан келген әлеуметтік-экономикалық жұмыстардың бір бөлігі ғана. Президентіміздің биылғыдай күрделі жағдайда ұтқыр шешім қабылдап, тәжірибелі басшыларды маңызды міндеттерге тағайындап жатқаны қуантады. Ералы Тоғжановтың ендігі жерде Үкімет басшысының кеңесшісі ретінде өзінің жұмыс тәжірибелері мен білімін ел игілігі үшін аямай жұмсайтынына бек сенімдіміз.

 

 

17.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8380
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11605
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9363
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10589