ТОҚАЕВҚА ПРЕЗИДЕНТ МАНДАТЫ НЕГЕ КЕРЕК?

ТОҚАЕВҚА ПРЕЗИДЕНТ МАНДАТЫ НЕГЕ КЕРЕК?

Ол онсыз да Президент емес пе? Оған Президентті қайта сайлау неге керек болды? Одан да өкіртіп өзгерістер жасамай ма? Жемқорлардың миллиардтап ұрлаған қаржысын қайтармай ма? Үкіметті өзгертіп, іскер азаматтарды әкеліп қоймай ма? Міне, қазір елдің көпшілігі қозғайтын сұрақтар осы. Осыны неге айтпайсың деп мені де сынап жатыр. Ал, ойларым мен ұстанымым басқа екенін, дәл осындай кезде Тоқаевты қолдайтынымды ашық айттым. Сынауға үлгереміз. Алдымен 30 жылда болмаған өзгерістер жасалып жатқанын неге көрмейміз деп сұрағым келеді. Бәрін ашық айтуға еркіндік туғызып, Үкіметке «тыңда» деп тапсырма берді. Үкімет, билік неге соншалықты құлықсыз болды? Өйткені ол Президент мандатын билік жүйесін әбден тастай етіп бекіткен, өзіне қорған құрғызған Назарбаевтың өз қолынан алды. Тоқаевты Президент сайлаған да сол мұрты да бұзылып үлгермеген билік, сол жүйе. Президенттікке өзі отырғызған жүйе Тоқаевтың барлық бастамасын құптай қоя ма? Оның жаңа өзгерістеріне көне ме? Бұрын Ұлттық Қауіпсіздік Комитетін басқарған Нартай Дүтбаев «Новая газетаға» мақала жазыпты. Үзінді келтірейін: «Принятые Токаевым сложные и необходимые решения для изменения прежней системы управления вызвали сопротивление и саботаж части политической элиты и чиновничества. Поэтому, чтобы не дать реваншистам снова прийти к власти, сейчас необходимо поддержать президента». Міне биліктің бүге-шегесіне дейін білетін адамның ашық айтқаны. Солай болса тұрса да Тоқаев Мұхтар Жәкішевті түрмеден босаттырды. Әлемдегі үздік компания «Казатомпромды» ресейліктерге жығып бермеймін деп қарсыласқаны үшін Мұхтарды біздің билік Путиннің түртпектеуімен түрмеге отырғызғанын елдің бәрі біледі. Бұл үлкен саяси мәселеге айналған-ды. Сол бұрынғы жүйенің тастай қатып отырғанына қарамастан, Конституцияға өзгеріс енгізіп, бірінші президент-Елбасы туралы бапты алдырып тастады, ел астанасының атын қайта өзгертті, Назарбаевтың туысқандарын тексеріп, биліктен қуатынын қуып, меншіктеп алған мемлекет меншігін біртіндеп қайтара бастады. Қылмысы дәлелденгенін түрмеге отырғызып жатыр. Бірақ, бұрынғы билік бұрынғы заңдардың күшімен біраз дүниені заңдастырып алған. Қаттап, құжаттап, акциясын Лондонның қор биржасына шығарып қойған. Шет елге кеткен миллиардтар да солай. Оны күштеп қайтара алмайсың. Оны заңсыздығын заңмен дәлелдеу керек. Шет елдермен келіссөз жүргізу керек. Оған да біліктілік пен бедел керек. Ол бір күннің ісі емес. Ашығын айтқанда батпаққа белшесінен батқан мемлекеттік машинаны реформа жасауға жеткізу - оған оңайға түспей тұр. Өте қиын тәрізді. Апай-топай өзгеріс жасап, қалай болса солай тартып аламын деу – қатты қарсылық тудырады. Тура жүз жыл бұрын, Кеңес Одағы кезіндегі азамат соғысының тууына себеп болған сол экспроприация болатын. Миллиардтап қаржы жинап алғандардың қарсылық көрсету мүмкіндігі өте үлкен. Олар тағы да қаңтар қырғынын қолдан туғыза алады. Ал сол Қаңтар қырғынының себептерінің әлі толық ашылмай отыруының бір ұшы осындай жатуы да ғажап емес. Ол біртіндеп ашылар. Бірақ, асығу тағы бір қырғынға себеп болмайтынына кім кепіл? Оның үстіне дәл мынадай алмағайып заманда. Алдымен заң шығару, сот, күш құрылымдарын реттеп, жүйені өзгертетін механизм жасап алу керек емес пе? Осы сайлау арқылы Тоқаев иығындағы бұрынғы биліктің шекпені мен салмағын сыпырып тастауды, Назарбаевтың қолынан алған мандатты тікелей халықтың өз қолынан қайта алуды, сөйтіп жүйені өзгертуге батыл кірісуді ойлап отыр ма деймін.


Білім мен тәжірибе жеткілікті. Енді батыл іске кірісу ғана қалды. Өйткені, уақыт өтіп барады. Заман да тоқталмақ емес. Тек біз ғана әлі құр ұрандаумен жүрміз. Әрине, сайлауға түсіп жатқан басқа үміткерлерді сынауға хақым жоқ. Олар да сол мандаттан үміткер болар егер елде өзгеріс жасайтындай идея мен мінез болса. Елімізде іскер де ақылды азаматтар аз емес. Оппозиция жоқ болғанмен сондай көзқарастағы азаматтар да бар. Олар неге нартәуекелге бармады? Шамасы, 30 жыл әр кірпішін жымдастырып, оңай бұзуға келмейтіндей етіп қалаған жүйені өзгерту өте қиын болатынын білгендіктен болар. Жаңа өзгерістердің оңайлықпен келмейтінін бәрі де түсініп отыр. Бірақ, үміт дейтін үзілмейтін өзек бар. Дәл қазір одан басқа не бар біздің қолымызда?!

Серік ЖАНБОЛАТ ФБ парақшасынан
14.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАСПАСӨЗДІҢ БАС АУРУЫ
Дәулетбек Байтұрсынұлы, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 18.11.2022 522

Топ жаңалықтар

1
Кәсіпқой бокс: Жәнібек жекпе-жектерден шеттетілді
Show more
Ермек Сахариев - 2022-11-28 123
2
Ақ Жайықтағы ақжарма кездесулер
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы - 2022-11-28 144
3
Мұстафа Өзтүрік көзден таса қалып қойған жоқ па? қойған жоқ па?
Show more
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 2022-11-28 132
4
Рухани құндылықтарды аяқасты етпейік!
Show more
«Қазақстандық ата-аналар Одағы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі, «Қазақ Билер Алқасы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі және «Ана мұраты» тобы - 2022-11-28 112
5
Ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтпек
Show more
Нағашыбай Қабылбек, Тілекгүл Есдәулет - 2022-11-28 127