Төтенше жағдай – оқушылар туындысында

Төтенше жағдай – оқушылар  туындысында

Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында сурет салудан оқушылардың қалалық байқауы өтті. Оған қаладағы 30 мектептен сурет салуға бейім оқушылар жетекшілерімен бірге келді. Байқауға қатысушылар «Қауіпсіздік, өрттен қорғану, табиғатты төтенше жағдайдан қорғау» сияқты тақырыптарды өз қиялдарымен ақ қағазға түсірді.

«Оқушылардың сурет сала білуі олардың бойындағы шығармашылық еркіндік пен белсенділікті қалыптастырады және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретеді. Сонымен қатар ауыр әрі қиындығы бар жұмыс саналатын төтенше жағдай комитеті қызметкерлерінің еңбегін бағалауға үйреткіміз келеді», – дейді Түркістан қалалық Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы.

Екі сағатқа жуық сурет салған балалардың жұмыстарын облысымызға белгілі қылқалам шебері Мұрат Шаханбаев бастаған қазылар алқасы бағалады. Бағалау барысында олардың ой ұшқырлықтары және бейнелеуіне баса назар аударылды. Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі III орынды Байрам Хушудов пен Елизавета Финакова иеленсе, II орын Еркеназ Алтынбаева мен Ажар Нышанға бұйырды. Ал I орынды Сабрина Махкамова жеңіп алды. Сондай-ақ Дина Жолдыбаева мен Арайлым Әбдібек – үздік идея, Ақерке Жақан – жас суретші, Жанерке Алпысбай – үздік сурет, Зиеда Абдуганиева – жас суретші, Балкерім Аташбек пен Наргиза Рыскулова – үздік композиция атағына ие болды.

Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар ұйымдастырушылардың дипломдарымен және құнды сыйлықтарымен марапатталды. Бұл шараға Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы, Азаматтық қорғау полковнигі Талғат Серікұлы арнайы қатысып, өзінің жылы лебізін білдірді. Төтенше жағдай тақырыбын өздерінің қылқаламдарына арқау еткен оқушылар алдағы уақытта оқыс оқиғалардың алдын алуға да өз үлестерін қосатын болады. 

 

Ш.Молдабек
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796