2022 жылы 31 наурыз күні «Түркі әлемінің мә- дени астанасы» Бурса қаласында Түріксой Мәде- ниет министрлері Тұрақты Кеңесінің кезектен тыс жиналысы өтті. Жиналыста халықаралық ұйым- ның жаңа хатшысы тағайындалды. Түркі мәдени- еті халықаралық ұйымын 2008 жылдан бері басқа- рып келе жатқан Дүйсен Қасейіновтың орнына Қырғыз Республикасы, Мәдениет, Ғылым, спорт және жастар саясаты министрлігінің ұсынған үміт- кер Сұлтан Раев бас хатшысы болып сайланды. Ол 2022-2025 жылдар аралығында осы ұйымды басқаратын болады.
Сұлтан Раев 1958 жылы 13 шілдеде
Қырғызстанның Ош облысында туған. Журна- лист, жазушы. 2005-2010, 2013-2014 жылдардың аралығында екі кезек Қырғыз Республикасы Мә- дениет министрі болған. 2015 жылдан бері қа- рай Қырғыз Республикасының премьер-министр кеңесшісі, сонымен қатар соңғы 3-4 жылдан бері Түрік кеңесі бас хатшысының орынбасары бо- лып қызмет атқарып келген. Еуразия Жазушылар одағының мүшесі. Жазушының «Топон», «Каша- ба», «Жанжаза» қатарлы романдары мен хикаят- тары көптеген әңгімелері жарық көрген.
Түріксой – түркі халықтарының өнері мен мә- дениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық
ұйым. 1993 жылы 12 шілдеде Алматыда Әзірбай- жан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан мемлекеттерінің Мәдениет мини- стрлерінің кездесуіндегі өзара келісімшарт негізін- де құрылды. Қазіргі таңда түркітілдес елдердің арасында ынтымақтастық аясы кеңейіп келе жа- тыр. Соның дәлелі ретінде Түркі кеңесі, Түркітіл- дес елдердің парламенттік ассамблеясы, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы, (Түріксой) Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры және Түркі іскерлік кеңесі қатарлы халықаралық ұйымдар жұмыс істеп жатыр.