Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ташкентте өткен Әмір Темірдің 690-жылдығына арналған халықаралық конференциясына қатысты

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ташкентте өткен Әмір Темірдің 690-жылдығына арналған халықаралық конференциясына қатысты

2026 жылғы 9 сәуірде Ташкент қаласындағы Ислам өркениеті орталығында «Әмір Темірдің және Темір әулеті өркениетінің әлемдік тарих пен мәдениеттегі рөлі мен маңызы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады. Іс-шара Өзбекстан Республикасы Президентінің Әмір Темірдің туғанына 690 жыл толуын кең көлемде атап өту туралы қаулысы аясында өтуде.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Актоты Райымқұлова бұл ауқымды шара ғылыми диалогты кеңейтуге, мәдени алмасуды дамытуға және халықтар арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға маңызды алаң болатынына сенім білдірді.

Қор президенті ұйымның түркі әлемінің бай мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және халықаралық деңгейде насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Өз сөзінде профессор А.Райымқұлова Өзбекстанның Қорға толыққанды мүше ретінде қосылуы, сондай-ақ Түрікменстанның бақылаушы мәртебесін алуы ұйым мүмкіндіктерін едәуір кеңейткенін айтты.

Конференция Әмір Темір мұрасын зерттеу мен сақтау ісінде ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтіп, ол Өзбекстан басшылығына түркі әлемінің ортақ мұрасын зерттеуге көрсетіп отырған тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірді.

Конференцияға әртүрлі елдерден 300-ге жуық ғалымдар, сарапшылар, дипломаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Іс-шара барысында қатысушылар Әмір Темірдің рухына тағзым етіп, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Конференция қорытындысы бойынша Темір әулеті мұрасын терең зерттеуге және оны халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды ғылыми ұсынымдар мен бірлескен бастамалар әзірленетін болады. 

10.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24317
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23981
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41437
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37350
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41687