ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ МЕН САЛЫҚ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ МЕН САЛЫҚ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Түркістан облысында қосымша кіріс көздерін анықтау, салықтан жалтарудың алдын алу бағытында жұмыстар күшейеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте осы мәселе талқыланып, алдағы жоспарлар сараланды.
– Облыста салық пен бюджет түсімін арттыруға мүмкіндік бар. Полиция департаменті мен инвестицияға жауапты басқарма заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды зерделеп, келісімшартты орындамағандары үшін тиісті шара қолдануы қажет. Бұл тараптан да салық толық түсуі қадағалансын. Аудан, қала әкімдері Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесе жұмыс жүргізіп, қосымша кіріс көздерін анықтауы керек. Барлық ауданда қосымша кіріс көздері бар. Жұмыс жүйесін өзгертіп, кәсіпкерлік субъектілерінде жұмысшылар санын айқындап, мүлікті бағалау жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаевтың айтуынша, Түркістан облысы бойынша бюджетке түскен салықтар мен төлемдер көлемі жыл сайын орта есеппен 102,3 % өсімді құрап келеді.
– Дүние жүзінде жергілікті бюджеттің басым бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Осы бағытта шағын жіне орта бизнес субъектілернің салықтық жүктемелерін жоғарылату үшін салықтық әкімшілендіру жұмыстарын жүргіздік. 2022 жылға жергілікті бюджетке барлық салықтың түрлерінен 112,6 млрд. теңге түскен. Оның ішінде негізгі салықтың түсімдері әлеуметтік және жеке табыс салығынан түсіп, үлес салмағы 81% құраған. Негізгі түсім әлеуметтік және жеке табыс салықтары бойынша мемлекеттік мекемелерден түсіп отыр. Біз шағын және орта бизнес субъектілеріне талдау жұмыстарын жүргізіп, жұмысшылар санын көрсетпеу, салық декларациясы бойынша нысанның құнын төмендетіп көрсету деректерін анықтадық, – деді департамент басшысы.
Салықты заңға сай төлеуден жалтарып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданушылар арасында ірі компаниялар, саудла орындары, базарлар, тойханалар, демалыс орындары бар. Сонымен бірге таулы аудандардағы демалыс орындары да салық декларациясы бойынша бағалау құнын төмендетіп көрсеткен. Алкоголь өнімдерін лицензия алмай саудалайтын дүкендер де көп. Осындай олқылықтардың салдарынан әлеуметтік және жеке табыс салықтары, лицензиялық алымдар бойынша бюджетке түсетін кіріс азайған.
Мемлекеттік кірістер департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып, алдағы уақытта салық түсімдері көлемін 28 млрд. теңгеге арттыруды межелеп отыр. Осы бағытта жұмыс жүреді.
Аппарат отырысында облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту, осы бағытта аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру мәселесі де талқыланды. Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, биыл өнеркәсіп өнім көлемі мен өңдеу өнеркәсібін, инвестиция көлемін арттыру жоспарлануда. Өнеркәсіп, инвестиция тарту, ай сайын кіріс жоспарының орындалуына орай бағалау жүргізіледі. Сонымен қатар бюджет шығыстарының сапалы орындалуы да рейтингке енгізілді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
22.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 828
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6902
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10738
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6971
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7111