ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСТІК ЖҰМЫСТАРЫ 85 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСТІК ЖҰМЫСТАРЫ 85 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛДЫ
Биыл Түркістан облысында 873 мың гектар жердің егістік алқабы игеріледі. Оның ішінде 497 мың гектар жерге жаздық дақылдар, 202 мың гектарға күздік егіс, 175 мың гектарға жоңышқа егілді. Бүгінгі күнге жоспарланған көктемгі дала жұмыстары 85%-ға аяқталды. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды егіс науқанының барысы туралы баяндады.
Өңір басшысы агроөнеркәсіп кешенінде сұраныстың артуына байланысты егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарға басымдылық берілгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, масақты дақылдар 8 мың гектарға (281 мың. га) малазықтық дақылдар 6 мың гектарға (230 мың. га) көкөніс, картоп, бақша дақылдары 3 мың гектарға (129 мың. га) артығымен егіледі. Ал, мақта дақылы 11 мың гектарға (100 мың. га), майлы дақылдар 6 мың гектарға (77 мың. га) қысқарады. Сондай-ақ ерте пісетін әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егіс көлемі 2 мың гектарға ұлғайтылып, 22 мың гектарға орналастырылды. Атап айтқанда, қырыққабат 400 гектарға (8 мың га), пияз 100 гектарға (2 мың га), сәбіз 700 гектарға (2 мың га), картоп 1 мың гектарға (10 мың га) артығымен егілді.
Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдық берілуде. Осы мақсатта биыл тәжірибе негізінде жаңа әдіспен мақта дақылы 3000 гектардан астам аймаққа егілді. Бұл технологияның тиімділігі – суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, кемінде гектарынан 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары.
Көктемгі дала жұмыстарына қолданыстағы 22 мың бірлік техника қызмет атқаруда. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 мың трактор, 1 мың дән сепкіш, 554 соқа, 1 мың қопсытқыш құралдары бар. 2024 жылы 668 техника сатып алынып, жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы техникаларының паркі 6 пайызға жаңарады. Үкіметтің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарына 38 мың 800 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.
Бүгінгі күнге бөлінген 12,8 мың тонна дизель отыны сатып алынып, тауар өндірушілерге босатылуда. Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген.
Мақта сапасын арттыру мақсатында Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіліп, жоғарғы репродукциялы 1 мың 900 тонна мақта шиті импортталып, тауар өндірушілерге босатылуда. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында «ҚазАзот» АҚ-на аванстық төлем жүйесі арқылы 35 мың тонна аммиак селитрасына алдын ала 60 пайыз субсидиясы (3 млрд. теңге) қаржыландырылды.
Сонымен қатар «ҚазФосфат» АҚ-на аванстық төлем жүйесі арқылы 6 мың тонна фосфор тыңайтқыштарының 60 пайыз субсидиясы (720 млн. теңге) мамыр айында төленеді. Бүгінгі күнге, тауар өндірушілерге 48 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіліп, 3,2 млрд. теңгеге субсидия төленді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жол картасына сәйкес, 2024 жылы 154 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жұмыстары толық орындалады.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясы арқылы 11,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1 862 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, Аграрлық несие корпорация арқылы қосымша 27 млрд. теңгеге егіс және жиын терім жұмыстарын қаржыландыру жоспарланды.
Түркістан облысында 22 мың. гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған. Бүгінгі күнге су үнемдеу технологиялары 11 мың гектарға жүргізілуде. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ашу жұмыстары белсенді атқарылуда. Атап айтқанда, «жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» жобасы іске асырылып, зауыт іске қосылды. Сондай-ақ мамыр айында тамшылатып суғару жүйесін шығаратын 2 кәсіпорын іске қосылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 31
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 96
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 289
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 911

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588