Елдегі билеуші Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик: «Түркия Ауғанстаннан келген бірде-бір босқынды қабылдай алмайды. Түркия – босқындар лагері емес. Қазір біздің оған еш мүмкіндігіміз жоқ. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Шекарамызды мұқият күзетудеміз. Рас, Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған Ауғанстандағы дағдарыстың жан-жақты шешімін тапқанын қалайды. Ол қарқынды түрде халықаралық мәміле жүргізіп жатыр. Ресей президенті Владимир Путинмен және Германия канцлері Ангела Меркельмен Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Біз «Талибанның» басқаруына өткен Ауғанстандағы адам құқықтары тақырыбын мұқият қадағалаймыз. Ауған халқын жалғыз қалдыруға болмайды, қазір онда нағыз «драма» болып жатыр», – деп мәлімдеді.