Түркия мен Қазақстанның ынтымағы күшейе түспек

Түркия мен Қазақстанның ынтымағы күшейе түспек

Қазақстан мен Түркия мемлекеті арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын жанданып келеді. Бауырлас екі елдің сауда-саттық, инвестиция жағынан да жетістіктері өте көп. Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның өзара түсіністігі мен достығына негізделген салиқалы саясаттың арқасында біздің елдеріміз көпжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытты одан әрі жүйелі түрде жалғастыруда.

Атажұртына Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп алғаш рет келіп тұрған жоқ. Қазақ топырағына бұған дейін де бірнеше рет табаны тиген. Екіжақты талай мәселені талқылап, екі елдің заң шығару органдарының тәжірибелерін де бөліскен. Бұл жолы 27 қыркүйек күні Мәжіліс спикері Н.Нығматулин мен М.Шентоп Қазақстан мен Түркия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың басымдықтарын талқылады.

Сондай-ақ екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылын тереңдету туралы уағдаласты. Кездесу барысында тараптар қос мемлекеттер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін де ұмыт қалдырмады. Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда Түркиямен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетініне назар аударды. Бүгінде бұл жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде жалғастырып, Нұр-Сұлтан мен Анкара арасындағы берік байланыс нығаю үстінде. Мәжіліс Төрағасы Түркия Спикерінің Қазақстанға ресми сапары парламентаралық байланысты нығайту жолында маңызы өте зор екенін атап өтті. Сондай-ақ Палата Төрағасы мәртебелі мейманға еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы және оларды заң деңгейінде қамтамасыз ету жайында баяндады. Атап айтқанда түрік кәсіпкерлерінің қаржы, көлік-логистика, ауылшаруашылығы, туризмді дамыту бойынша инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы сөз болды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Мәжіліс депутаттары жұмыс істеп жатқан «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы шетелдік инвесторларға, соның ішінде түрік компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Өз кезегінде Мұстафа Шентоп: «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысы Түркістан қаласында өтетініне өте қуаныштымыз. Келесі жылы Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толады. Бұл да біз үшін ерекше маңызды. Біз өзіміздің шыққан жеріміз, тегіміз Қазақстан екенін ұмытпаймыз. Қазақстанға келген сайын өзіміздің атажұртымызға келгендей қуанышпен, мақтанышпен келеміз», – деді. Сонымен бірге Шентоп мырза Түркітілдес елдердің байланысын нығайтуда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін атап өтіп, Түркия үшін Қазақстанның орны ерекше екенін және рухани орталығы екенін жеткізді. Нұрлан Нығматулин мен Мұстафа Шентоп парламентаралық диалог, палата комитеттері арасындағы сындарлы байланыс Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды. Айта кету керек, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанға ресми сапары аясында 28 қыркүйекте Түркістанда өтетін Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысына қатысады.

Достық пен туыстық және әріптестік жанданады 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Біз бүгінгі кездесуімізде, екіжақты байланысты, соның ішінде парламентаралық әріптестікті күшейту бойынша көптеген сұрақтарды талқыладық. Алдағы уақытта біздің заң шығарушы органдар арасында ынтымақтастық жөніндегі топтар, парламенттегі комитеттер арқылы іссапарлар және тәжірибе алмасу жұмыстарын белсенді жүргізетін боламыз. Осының барлығы Қазақстан және Түркия арасындағы достық, туыстық, әріптестік байланысты нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Екі халықты жалғап тұрған рухани байланыс 

Мұстафа Шентоп, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы: – Қазақстан Түркия үшін ерекше мемлекет. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың дамуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі зор. Барлық саладағы ынтымақтастығымыздың нығаюына екі халықтың рухани байланысы да ықпал етіп отыр.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 231
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 368
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 367
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 601
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 541

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9243
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8640
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11866
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9638
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10848