Түркияда дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы өтті

Түркияда дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы өтті

   Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ыстамбұлда «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты кіші құрылтайы өтті. Алыстағы ағайынның алқалы мәжілісі басталмас бұрын жергілікті билік өкілдері мен Кіші құрылтай делегаттары және қала тұрғындары түрік пен қазаққа ортақ тұлға Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанатына қатысты. Саябақ Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйытқы болуымен ашылып отыр. Онда Ыстамбұл қаласының 800 мың халқы бар Бағжылар ауданының әкімі Локман Чағырыжы, Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков сөз сөйлеп, даңқты спортшының ескерткіші орнатылған саябақтың лентасын кесті. Іс-шараға М.Өзтүріктің қарындасы Перихан мен Германияда тұратын қызы Неслихан да қатысты. Кіші құрылтай жұмысына Түркия және Еуропадағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Құрылтайдың қорытындысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қандастардың Үндеуі қабылданды. Сондай-ақ бірқатар қатысушылар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбековтың бұйрығымен «Кіші құрылтай» төсбелгісімен марапатталды. Құрылтай аясында диаспораның жастары үшін қазақстандық жоғарғы оқу орындарының «Білім көрмесі» ұйымдастырылды.  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алтын тамырлы Атажұрт» көрмесі ұсынылды. Артынша осы жерде Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі гала-концерт берді. Музыкалық кеш көрерменнің ыстық ілтипатына бөленіп, үлкен қошеметке ие болды. Шараның соңында З.Тұрысбеков қонақтарға қазақтың шапанын жапса, Ә.Байел Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап басылған күміс естелік монеталарды сыйға тартты. Құрылтай шеңберінде Жамбыл облысының өкілдері Мұстафа Өзтүрік саябағының ашылуында өнер көрсетсе, «Алтын тамырлы Атажұрт» жетістіктер көрмесін Ақмола облысы әкелді. Ал Тәттімбет атындағы оркестрдің гала-концертін Қарағанды облысы ұйымдастырды. Кіші құрылтай жыл сайын әр түрлі елдерде өтіп отырады. Келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзі қазақтарының Ұлы құрылтайын өткізу жоспарлануда.

Ермек Сахариев
27.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

- 21.10.2021 3
- 21.10.2021 3
- 21.10.2021 3
- 21.10.2021 4
Алашты ардақтаған «Ата»
Құрметпен, Сәуле Мешітбайқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 21.10.2021 18

Топ жаңалықтар

1
Саттар Жансерік: Техникалық және кәсіптік оқытуды өндіріске жақындату керек
Show more
Сұхбаттасқан – Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2021-10-21 13
2
Жыңғылдылық қария ағаштан бұйым жасайды
Show more
Маңғыстау ауданының баспасөз қызметі - 2021-10-20 23
3
ТҮРКІСТАН: ӘЖЕЛЕР АРАСЫНДА КИІЗ БАСУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2021-10-20 43
4
Жолдау-2021: Жамбылдағы кәсіпорындарда жалақы көтерілген.
Show more
Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ, Жамбыл ауданы - 2021-10-20 27
5
Жамбылдық шопанның дрон алып қолы ұзарды
Show more
Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы - 2021-10-20 24