Уәде мен үде: Айшабибі ауылына тротуар салынуда

Уәде мен үде: Айшабибі ауылына тротуар салынуда

Қасиетті Айшабибі өңіріне биыл қомақты қаражат қарастырылып, жұртшылыққа қолайлы орта қалыптастырылуда.

600 орындықты Айшабибі атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жер кезегінде тұрған 382 азаматқа ауылдан жер телімін үлестіру үшін инфрақұрылым желілері жүргізілуде. Бұдан бөлек 300 орынды жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл қажеттіліктің барлығы айшабибіліктердің көптен бергі сұранысы болатын.

Тағы айта кетерлік жайт, аудан әкімі Сәкен Арубаевтың жыл қорытындысы бойынша 2 ақпан күні өткен кездесуінде ауыл азаматтары жоғарыдағы және басқада сауалдар легін жолдап, орындалуына күш жұмсауын өтінген болатын.

Ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиында Айшабибі орта мектебінің директоры Бахыт Шертаева: " Ауылда республикалық маңызы бар Жібек жолы көшесі орналасқан. Ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары жол жегінде жаяу жүргіншілерге арналған тратуардың жоқтығынан жол жиегімен жүреді. Осы жайтқа назар аударуыңызды сұраймыз, - деп сауалын жолдаған болатын.

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтып, ағымдағы жылы жұмыстар тиянағын табатынын тап басып айтқан болатын.

Бүгінде Жібек жолы көшесіне ұзындығы 2 шақырымды, ені  1 метр 30 см құрайтын жол жегі толықтай асфальттануда. Айя-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған игілікке 27 млн теңге қаралып, бүгінде жұмыстың 70 пайызын аяқталған.

"Сөзден - іске" демекші, ауыл азаматтарының ұсыныс-пікірі орындалып жатқаны жергілікті билікке деген сенімнің арта түсетініне қз септігін тигізетіні сөзсіз.

Ақжігіт Жетпісбай
27.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1034
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7081
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10932
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7149
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7292