Украина-Ресей шиеленісі Қазақстанға қалай әсер етеді?

Украина-Ресей шиеленісі Қазақстанға қалай әсер етеді?

    Украинадағы жағдай туралы пікір білдірген  Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Жұлдызай Ысқақова:  «Қазір Қазақстанның ұстанымы бәріне түсінікті және ол қандай да бір өзгеріске ұшырайды деп ойламаймын. Біз нейтралитет ұстанамыз және қос тарапты бейбітшілікке шақырамыз. Бұл ұстанымды Сенат спикері Үкімет деңгейінде айтқан болатын. Ол бірінші кезекте, көпвекторлы қағидатты ұстанатын Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасында негізделген. Бұл барлық тараптармен одақтастық қатынас барын білдіреді. Біз үшін балансты сақтау өте маңызды, өйткені бұл бұрын-соңды болмаған өте күрделі геосаяси жағдай. Мұнда Қазақстан шалт қадамға бармауы керек, қандай да бір тарапты жақтамауы керек. 30 жыл бойы біз көпвекторлы жүйені қолданып келдік және ол бізге тек артықшылықтар берді. Сондықтан қазіргі жағдайға тек ұлттық мүдделерімізді ескере отырып үн қату керек. Бізде Қазақстанда Ресеймен туыстық байланысы бар 3 млн-нан астам орыс, Украинамен байланыстыратын 300 мыңнан астам украин бар. Негізінен, барлығымен дипломатиялық қатынастар орнатылған. Сондай сезімтал шекараны саясаткерлеріміз ешқандай жағдайда бұзбауы керек. Қоғамымыз да оқиғаны бағалар кезде, қандай да бір тарапты жария түрде қатаң сынауда сақ болғаны жөн. Оны өзіміздің жеке эмоцияларымыздан емес, ұлттық мүдделерімізді сақтаудан бастауымыз керек. Өз басым Қазақстан билігінің ұстанымы ақылға қонымды деп санаймын. Биліктің ұстанымын сындарлы деп айтуға болады. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, ұжымдық шешім қабылданды, менің ойымша, бейтараптық ұстаным мен тараптарды диалогқа шақыру – өте орынды. Біздің жақсы тәжірибеміз бар – Сирия процесі Қазақстанда өткен болатын. Кезінде Ресей мен Түркияны да келіссөздер үстеліне отырғыздық. Осындай жанжалдардың медиаторы ретінде жиі бастама көтердік. Менің ойымша, бұл тактика өте дұрыс. Біздің міндетіміз – тараптар қақтығысты дипломатиялық деңгейде шешу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану. Соғыстың мерзімі туралы кесіп айтуға болмайды, бірақ соңғы онжылдықта бауырлас мемлекеттер қарым-қатынасы дәл осылай шиеленіспеген еді. Соғыстың өзінен бұрын кейінгі салдары ұзаққа созылады. Мұның салдары бүкіл посткеңестік кеңістікті шарпуы мүмкін. Қазір біздің міндетіміз – ең нашар сценарийге дайындалу, әрине, оқиға басқаша өрбуі де мүмкін. Яғни, біз азаматтарымызды барынша қорғау үшін дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауға тиіспіз. Қазір Үкіметке үлкен рөл жүктелген – олар әзірлеген дағдарысқа қарсы жоспарды үнемі тексеріп отыруы керек, өйткені жағдай өзгеріп, Ресейге жаңа санкциялар салынып жатыр. Оның бәріне дайын болуымыз керек. Үкіметтегі сарапшыларымыз оқиғаның түрлі болжамына сүйенді және дайындықты пысықтап жатыр. Билік біз мүшелік ететін ҰҚШҰ контингенті бұл процестерге қатыспайды деп мәлімдеді, өйткені бұл оқиға мемлекеттік келісімде болмаған. Мұны БҰҰ шешуі керек. Бұл тұрғыдағы мәселе шешілді. Тағы бір нәрсе – бұл халыққа экономикалық тұрғыдан, яғни инфляциямен, теңге бағамымен байланысты әсер тигізуі мүмкін. Мұның бәрі, әрине, азаматтардың экономикалық жағдайына әсер етеді. Бізде резервтер мен Ұлттық қор бар. Биліктің мәлімдемесіне сүйенсек, мұнай ақшасы Ұлттық қорда сақталған. Сондықтан бізде «қауіпсіздік жастықшасы» бар. Бюджет пен ресурстарымыз бар. Мұнда дүрбелеңге бой алдырмай, ресурстарды дұрыс бөлу керек. Бұл жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган, құқық қорғау органы нақты жұмыс істеуі керек. Қауіпсіздік – бірінші орында, содан кейін – экономика, сондықтан азаматтар осындай күрделі геосаяси жағдайларда өздерінің қорғалғанын сезінуі тиіс», — деді.

Ермек Сахариев
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 13
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 7
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 152
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 333
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638