Ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған жиында осы мәселе басты назарда болды

Ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы  «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған жиында осы мәселе басты назарда болды

Газетіміздің басшысы, ел анасы Сәуле Мешітбайқызы Батыс Қазақстан облысына сапары аясында облыстық басқармалар басшыларымен, облыс бойынша бала және адам құқықтарын қорғау саласының өкілдерімен, полиция департаменті мамандарымен, аудан әкімдерінің орынбасарларымен, ардагерлермен кездесті.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған жиында бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі, отбасы құндылығы туралы сөз қозғалып, өзекті мәселелер айтылды. Жиынды жүргізген «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семғалиева қатысушыларға елордалық танымал журналист, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызын таныстырып, мейманға сөз кезегін берді. Ел анасы өзі басшылық ететін «Qazaqstan dauiri» халықаралық басылымының, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының және «Elana» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайтының дәстүрлі «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» экспедициясы туралы әңгімелеп, арнайы дайындалған бейнефильмдерді көрсетті. 

– Елімізде жасөспірімдерге, балаларға, сарбаздарға қатысты түрлі жағдайлар орын алуда. Әрине, біз мұндай оқиғалардың алдымен себеп-салдарын бірге іздеуіміз керек. Мен елдің анасы ретінде жастарды оятып, ер-азаматтарды тұғырына қондырғым келеді. Менің негізгі мақсатым – ізгілікті, жақсылықты жазу арқылы халықтың рухани кемелденуіне үлес қосу, жақсы мен жаманды айта келіп, дұрыс бағыт-бағдар беру. Ол – менің аналық, перзенттік парызым. Қоғамда отбасы құндылығы да бәрінен маңызды. Балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мәселелерін отбасылық құндылықпен ұштастыру қажет, – дей келе, Сәуле Мешітбайқызы қазақ баспасөзінің бүгінгі жай-күйіне де алаңдайтынын жеткізді.

– Ел боламын деген мемлекеттің руханиятына шектеу қоймайды. Қазір қоғамда газет-журналдарға жазылмаймыз деген пікірді айтатындар бар. Бұл дұрыс емес. Болашағын ойлаған әрбір азамат газет-журналдарға жазылу керек, оқу керек. Баспасөз – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Бұл – өте үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікті абыроймен атқару – біздің міндетіміз. Жастардың шығармашылық қабілеттері, қасиеттері осы газет-журналдарымыз арқылы қалыптасады, дамиды. Халықтың рухын көтеруде басылымдардың орны ерекше. Сонымен қатар бала тәрбиесіне аса мән беріп, болашаққа бағдар беру ата-ана ретінде әрбіріміздің борышымыз, – деді ел анасы.

Бұдан әрі кездесуге қатысқандар да осы тақырып аясында ой-пікірлерін қосып, өзекті мәселелерді де жасырмады. Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов жиынның күн тәртібіндегі тақырып көпшілікті толғандыратынын айтып, аудандағы бірқатар мәселені тізбектеді. 

– Бүгінде аудандық білім бөлімдері тікелей облысқа бағынады. Аудан деңгейінде балаларға қатысты өзекті мәселелер жетерлік болғанымен, қолжетімділік аз. Аудандық білім бөлімдерін жергілікті әкімдіктің құзырына берсе деген тілегіміз бар. Сондай-ақ аудандағы балалармен жұмыс жасайтын қосымша білім беру ұйымдары маусым-тамыз айларында еңбек демалысына кетеді. Ата-аналар жұмысбасты болғандықтан, балалар жазғы демалыс кезінде қараусыз қалады. Сәйкесінше жаз маусымында оларды мәдени, спорттық шараларға көбірек тарту керек. Сондықтан аталған ұйымдардың қызметкерлерін еңбек демалысына кезең-кезеңмен жіберсе деген ұсынысымыз бар. Тағы бір айта кетерлігі, ауылдық мектептерге директорлар тағайындауға үміткерлерге қойылатын талаптарды жеңілдету қажет деп ойлаймын. Себебі шалғай ауылдарға облыс орталықтарынан мамандар келмейді, ал сол мектептің директоры болуға лайық тәжірибелі мамандар қатаңдатылған талаптарға сәйкес келмей жатады, – деді Серік Әнуарұлы. 

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова Сәуле Мешітбайқызының көп адамның көкейінде жүрген мәселелерді қозғап жатқанын айтты.

– Барлығы да шындық. «Тәрбиенің бастауы – тал бесіктен», «Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» деп атам қазақ тегін айтпаған. Бүгінде салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан ажырап бара жатқандаймыз. Әрбір ауданда қоғамдық негізде құрылған аналар кеңестерін, әкелер кеңестерін жандандыру керек. «Педагог мәртебесі» туралы Заңда да келіспейтін тұстарымыз бар, – деді Зәйлім Исатайқызы. Сәуле Мешітбайқызы бұл мәселелерді де басылым бетінде жиі көтеріп жүргенін тілге тиек етті.  Экспедиция барысындағы облыстың сүйіншілер жаңалықтары мен көкейтесті мәселелері туралы газетіміздің алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар.  

Аймақтағы жұмыс сапарының ойдағыдай өтуіне облыстық қоғамдық даму басқармасы, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы, Казталов ауданы әкімдігі барынша өз үлестерін қосты.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
22.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 63
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 26
Ақындар айтысы өтті
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 26
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 63
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 304
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 299

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18973
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18833
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33998
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32551
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36357