Ұлт ұстазы

Ұлт ұстазы

Қазақ даласы құпия тылсым сырларға да, парасатты даналарға да толы. Сайын дала төсінде кімдер ат шалдырмады, кімдердің ізі қалмады десеңізші!? Дала төсінің тұрмысында ерлікпен есімін жазған жаужүрек батырлар да, төрт ауыз сөзбен түйін түйген данагөй шешендер де, шанағынан күмбірлетіп күй төккен дәулескер күйшілер де, аузын ашса, жыр төгілген жыршылар да, халықты бір тудың астына жинаған хандар да өтті-ау, бұл жалған дүниеден. Тарих сорабына көз жіберсек, халықты ұйыстырған ұлылар мен даналар, өшпес ізі жоғалмас. Ұлылардың ізі қалған оқиғалар мен бедерлі тарих киелі топырағымызда аз да емес. Сол аздың бірі де, бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы. 

Ахмет Байтұрсынұлы атамыз туралы сөз қозғаудың өзіне батылдық, патриоттық сезімнің ұшқыны қажет болар-ау деймін. Сөз басында, Ахмет атамыздың халықтың жанашыры, ағартушысы, қазақ халқының зиялы азаматтарының бірі болғанын атап өткім келеді. Әрине, бір ауыз сөзбен Ахмет Байтұрсынұлының халқына сіңірген еңбегін, атқарған қызметтерін жеткізу мүмкін емес. Қызметтерінің көбісі дерлік осы аталғандардың арнасынан тарайды. Ахмет Байтұрсынұлы өзінің өмірін халқының қамын жеумен өткізіп қана қоймай, осы жолда жанын құрбан етті десек, асыра сілтегеніміз емес. 

 XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында, қазақ халқының қоғамдағы рөлі, халықтың бастан кешкен жағдайы тым мүшкіл еді. Осы кезеңде өмір сүрген Ахмет Байтұрсынұлы мұндай қорлыққа шыдап, ішінен тынып жүре алмады. Қазақтың осындай көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарына көрсеткен патша өкіметінің қорлығы, қысымы Ахмет Байтұрсынұлын да аттап өтпеді. Оның халықтың көркеюі үшін, сауаттары ашылу үшін істеген әрбір қадамын бақылауда ұстап, аузынан щыққан әрбір сөзден кінә іздеп, жайына қалдырмады. Осындай кезеңде өмір сүре тұра, барынша халыққа пайдам тисе екен деген мақсатпен күн кешті. Ахмет атамыз өміріндегі үлкен назарды ағартушылыққа, яғни ұстаздыққа, білім-ғылым үйретуге аударды. Мұғалімдік қызмет атқарған күнінде, қазақ балаларын көп оқытқаны үшін де айыпталған. Осыдан, білім үйренуге келген қазақ балаларының бетін қаққысы келмегенін анық ұғынамыз. Ахмет Байтұрсынұлының туған баласы болмағанмен, ол оқуға келген әрбір қазақ баласы, менің балам дейді. Балаларды оқыту жолында қазаққа қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулығы қажет екенін ұқты. Осы бағытта біраз еңбектеніп, барша түркі халықтарына ортақ «Әліппе» мен «оқу құралын» жазып шықты. Міне бүгінде біз танитын әріптердің Ахмет Байтұрсынұлының еңбегінен туғанын бірі білсе, бірі білмейді. Назарды тек қазақ тіліне ғана аудармай, басқа ғылым салаларын да, мәселен: физика, жаратылыс ғылымы, геометрия, есептану, психология сынды ғылымдарды оқытуға негіз болатын оқулықтарды жазып шығуды айналасындағы әріптестеріне тапсырды.  «Халыққа оқулықсыз оқыңдар деу, аттың аяғын тұсап қойып, шап деумен тең», – дейді Ахаң. Халықты оқыту үшін оқулықтың өте қажет екенін алдыға тартады. 

Ахмет атамыздың еңбегі мен өнері мұнымен таусылған жоқ. Ол ағартушы болып қана қоймай Алаш Орда өкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері, аудармашы болған. Қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Бүгінде біз қазақ тілі, әдебиет ғылымдарын меңгерудің өзін қиын көреміз. Ал Ахмет атамыздың елім деп соққан жүрегі оны жазып шығуда қиналмаған. Қазақтың тіліне бейімдеп, қазақтың өзіне тән төл сөздерін икемге келтіріп жазған. Сондықтан да білім-ғылым үйренуден қиындық көру ұят нәрсе. Сонымен қоса Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық аспабы-домбырада, пианинода жақсы ойнаған. Шығармашылығы өлең жазумен де толысқан. Көмейінен төгілген маржан сөздер сыңарын тауып өлеңге ұласқан. Өлеңдерінің басым көпшілігінде халықты оқуға, рухани биіктікке, еңбек етуге, мәдениеттілікке шақырады. Патшалық Ресей өкіметінің қанаушылық саясатын, опасыздығын сынайды. Халықтың көзін ашу мақсатында «ҚАЗАҚ» газетін шығарды. Газеттің атауы – «Қазақ» сөзінің өзінде де көбісі біле бермейтін терең мағына жатыр. Газет кеңінен танымал болып, көптеген тиражбен басылып жүрген күнінде, жабылып қалды, анығы билік жаптырып тастады. Бұған да патша өкіметінің озбырлық саясаты әсер етті. Осы үшін де «патша өкіметіне қарсы шықты, халықты үгіттеді», – деген жалған айыптармен тұтқындалып, өмірінің соңы аянышты күйге ұласып, кінәсіз атылып кетті.

Міне бүгінгі біз танитын Ахмет Байтұрсынұлының өмірі осылайша өткен. Біз білетін нар тұлғаның өмірге келгеніне бүгінгі күні 150 жыл толыпты. Ахмет атамыздың алдына қойған мақсаты орындалды. Халқы тыныш, береке-бірлікте, көзі ашық, сауатты, мәдениетті, білім-ғылымды меңгерген, «ҚАЗАҚ» атты ел болып өмір сүруде. Ахмет атамыз: «туыс-туғаным, айналамдағы жұртым, тұтас қауымымның қорлықтағы өмірі мені тыныш ұйықтатпайды», – дейді. Елі үшін еткен еңбегімен еш мақтанған емес, керісінше бұл өзінің міндеті санайды. Осыған дейін өмір сүрген халық та, біз де, сіздер де өмірден өтеміз. Бірақ ұрпақ жалғаса береді... Ахмет Байтұрсынұлының ту қылып тура көтерген идеясы мәңгілік қалады. Ахмет атамыздың халқы үшін атқарған ерен еңбектері ел жадында мәңгі сақталады!  Ал есімі халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алып, ешқашан өшпейді.

Динара Төлегенова, жас тілші, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 83
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8780
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394