ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАР АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАР АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ

Қазақ тілін үйрену үшін не кедергі? Ниет пе, уақыт па? Ниет болса, ынта да оянады, уақыт та табылады.  Өңірімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы,  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі»  атты республикалық  форумда осы сұрақтар жан-жақты талқыланды. Тіл туралы әдеттегі жиындардан өзгеше форматта өткен форум жұмысында қазақ тілін ана тіліндей меңгерген азаматтар емін-еркін ой-пікір алмасып, тіл үйрену жолын көрсетті. 

Республиканың әр өңірінен келген тіл жанашырларының басы қосылған форумда Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов  сөз сөйледі.

Марат Тасмаганбетов: «В приоритете – благоустройство Петропавловска» »  Матрица.kz - Информационно-аналитический портал– Тіл – халықтың ең құнды байлығы. Ал ана тіліміз – ұлттың жаны. Оны келешек ұрпаққа жеткізу – ата-бабамыздан қалған аманат.  Елімізде қазақ тілін білетін ұрпақтың жолы ашық.  Сонымен қатар  өңірімізде өмір сүріп жатқан этникалық топтардың да тілін дамытуға  барлық жағдай жасалып отыр, – деді Марат Тасмағанбетов. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ-нің директоры Қазбек Майгелдинов: «Қазақ тілінің ұлан-байтақ даланың ұлтаралық тілі болуына толық негіз бар. Қазір біз ел, тіл, дін  тұтастығы  идеологиясы аясында жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Егер қазақ тілі  елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерін ұйыстыратындай  деңгейде болса,   бәрімізге ортақ орта пайда болар еді», – деген ойын айтты. Оның бұл ойын   Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Тауфик Каримов жалғастырды. 

– Еліміздің әр азаматы қазақ тілін білуге міндетті. Қазіргі әлемдік геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты бұл мәселе аса маңызды болып отыр.  Мемлекеттік тіл елдегі бірлік пен тұтастықтың  мықты қазығы болуы тиіс. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы жүйелі жұмыстар атқарып жатыр, – деген  Тауфик Каримов осы күнге  дейін жүзеге асырылған жобалардың мән-маңызын түсіндірді.

Өңірімізде  қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов  тіл үйренемін деушілердің қатары қалыңдағанын айтты. Облыстық тілдерді оқыту орталығында 700-ден астамы өзге этнос өкілдері қазақ тілін үйреніп жүр. Облыс аудандарында және Петропавл қаласында жергілікті бюджет қаражаты есебінен ересек тұрғындарға тіл үйренуге жағдай жасалуда. Қазір  жұмыс істеп тұрған 71 топтың 61-іне  қазақ тілін үйренемін деушілер келіп жүр. Сонымен қатар    кәсіпорындар жанынан ашылған  266 үйірмеде  3800-ден астам қазақ тілін оқып-үйреніп жатыр.

Форумға қатысқан  Парламент  Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін оны  өзге этнос өкілдеріне  мәжбүрлеп емес, қызықтырып үйрету керек деген ойын айтты. Әсіресе, қазақ тілінің аясын салалар бойынша дамыту  зор нәтиже береді. Мысалы, қазіргі таңда қазақстандық дубляждың сапасы жоғарылап, қазақша дыбысталған шетелдік туындыларға сұраныс артуда. Сонымен қатар, жастар арасында аса танымал киберспорт ойындарын да қазақшалау  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде өз септігін тигізер еді. 

Ал «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті Максим Рожин қазақ елінің патриоты Герольд Бельгерді тәрбиелеп-өсірген Қызылжар өңірінде  мемлекеттік тіл ұмыт қалмайтынына  сенім білдірді. Әсіресе,  нағыз қазақ атанған атақты жерлесімізді еске ала отыра  форумға жиналғандарға  қазақ тілін жетік меңгерген адам  ұлттың ділін, болмысын да түсінетінін айтты. Елімізде тілге қатысты  туындап жатқан дау-дамайлар  қазақтың  тілін білмеудің, болмысын танымаудың салдары екені анық. 

Республикалық форум барысында  диалог алаңдары құрылып,     түрлі бағыттар бойынша мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жайы талқыланды. Әсіресе,  қазақ тілін жетік меңгерген өзге этнос өкілдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, көрген-түйгендерімен бөлісіп,  туындаған мәселелерді шешуде өз  ұсыныстарын  айтты.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, Солтүстік Қазақстан облысы
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 63
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11391
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9145
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10376