Шара 2024 жылдың 26 мамыры күні Әбілхан Қастееватындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді.(Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер залы) Басталатынуақыты – 14:00.
UMAI Classics – Қазақстанның және бүкіл әлемнің ұлы композиторларының мұрасын қолдай отырып, жас таланттарды қанаттандыруға арналған мәдени-әлеуметтік жоба. Классикалық музыканың өткені мен болашағы арасында алтын көпір бола отырып, шығармашылықта өсу және өзін-өзі көрсету платформасы болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты –шығармалардың заманауи үні арқылы мәдени мұраны сақтау және насихаттау, ұрпақтар мен мәдениеттерді біріктіру.
Жобаның көркемдік жетекшісі сопрано дауыс иесі, Абай атындағы ҚазҰТОБ жетекші солисі, «Құрмет» орденінің иегері – Зарина Алтынбаева.
«Альбом менің жаңа UMAI Classics атты жобамның демеушілігімен шығарылып отыр. Жобаға 2019 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және халықаралық дәрежеге шығуды жоспарлап отырған «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» балалар байқауының лауреаттары қатысқан. Жас дарындар үшін бұл жаңа тәжірибе, жаңа белес болмақ. Атап айтар болсам, жазбаның ең жас қатысушысы жақында 10 жасқа толды. Менің ойымша, осы дарынды балалар біздің ізбасарларымыз және Қазақстандағы музыкалық интеллигенцияның жаңа ұрпағын қалыптастырушылар болады. Білім, музыкалық байқаулар және біздің бірлескен жұмысымыз олардың болашақта халықаралық деңгейде танылуына және табысқа жетуіне негіз боларынасенімдімін!».
Альбомға пианист Айторе Азаматұлының орындауындағы «Дала» (Н.Мендіғалиев), жас скрипкашы Інжу Самсалиеваныңорындауындағы «Романс» (А.Жұбанов) шығармасы, Анна Юденичтің Л.Хамидидің өңдеуінде «Елігай» атты қазақ халық әні, скрипкашы Сағадат Омарғазиннің «Ария» (А.Жұбанова) күйіенген. Сондай-ақ 2019 жылғы бірінші байқауымның Гран-при иегері скрипкашы Рамазан Көпбаев С.Жүсіпованың өңдеуімен «Япыр-ай» әнін, ал жас баритон Марғұлан Молдабеков Б.Ерзаковичтің «Қараторғай» әнін тамаша орындаған. Скрипкашы Назерке Мәдиниет «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» (Е.Брусиловский) балетінен соло ойнайды. Мұнымен қатар жас пианист Ашот Мхитарян Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Гүлжан Өзенбаеваның «Токка» әнін, Адина Болат талантты композитор Раушан Қалидің фортепианолық өңдеуінде Естайдың «Құсни-Қорлан» әнін орындайды.
Альбом ірі музыкалық платформаларға жүктеледі.
Тұсаукесер барысында альбомға енген шығармаларды орындайтын жас музыканттардың қатысуымен концерт өтеді. Сонымен қатар, қонақтарға фотосуретші Николай Постниковтың тамаша портреттер көрмесі ұсынылады.