УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КҮЗГІ СЕНБІЛІК

УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КҮЗГІ СЕНБІЛІК

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Жыл сайынғы дәстүрді сақтай отырып, университеттің бүкіл профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері мен студенттері ҚазҰУ аумағын, сонымен қатар оған іргелес аумақты қоқыстан тазартты.

Тұрақты даму ЮНЕСКО кафедрасының ұжымы студенттермен, магистранттармен бірге университет аумағын күзгі тазалауға өз үлестерін қосты. Сенбілік – ұжымның жақындасуына, нығаюына, бірігуіне ықпал ететін әдістердің бірі. Сонымен қоса бұл шара ҚазҰУ студенттерін табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және сырты ортада тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Айта кету керек, сенбілік «Бірге – Taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде оқу орнының аумағы ретке келтірілді.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,   «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1-курс магистранттары:   А.Қ.АҚЫЛБЕК,И.К.ОРАЗГАЛИЕВА,   

 Тұрақты даму ЮНЕСКО   кафедрасының  т.ғ.к., м.а.доценті Д.М.АКУБАЕВА, PhD, м.а.доценті С.Т.ҚАЛДЫБАЕВА 

04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5365
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5522
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20491
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19120
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22582