Үздік ауыл әкімдері анықталды

Үздік ауыл әкімдері анықталды

  Қазақстандағы үздік ауыл әкімі анықталды. Екінші рет өткізілген байқауда Батыс Қазақстан облысындағы Шежін ауыл округінің әкімі Алғадай Жамбыл жеңімпаз атанды. «Үздік ауыл әкімі» байқауын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырды, байқау 15 қазанда аяқталды. Байқаудың негізгі мақсаты – жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан, сондай-ақ халықпен белсенді ашық жұмыс жүргізетін үздік ауыл әкімдерін анықтау және ынталандыру. Байқауға қатысуға 14 облыстан 100-ден астам ауыл әкімі өтінім берген. Түркістан облысынан 21 әкім, Батыс Қазақстан облысынан 15 әкім және Жамбыл облысынан 14 әкім конкурсқа өтінім беріп, белсенділік танытты. «Үздік атануға ат салысқан үміткерлер арасында Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл өңірлік және республикалық деңгейлерде ең көп балл жинап, көзге түсті», — деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Алғадай Жамбыл осы ауылда туып-өскен, мамандығы – мұғалім. Қызмет жолын Тасқала ауданында бастаған, 2019 жылы мемлекеттік қызметке ауысқан. «Конкурстың республикалық кезеңінде ол ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы кооперативтерін жүзеге асыру арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобасын қорғады», — деп хабарлады ұйымдастырушылар. Екінші орынды Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев және Түркістан облысы Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі Абдикадир Сикимбаев алды. Үшінші орынды Павлодар облысы Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің әкімі Меруерт Мадагулова мен Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айдар Исаев алды. Сондай-ақ Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылдық округінің әкімі Нуржан Сеитов – «Үздік шаруашыл әкім», Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу кентінің әкімі Марат Смағұлов – «Ашық әкім», Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі Қанат Ниетқұлов – «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясының иегері атанды. Конкурс жеңімпазы «Үздік ауыл әкімі» статуэткасымен, сондай-ақ әр түрлі номинация иегерлері мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталады. Айта кетері, 25 шілдеде Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Бұл сайлауда республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне 730 әкім сайланды.

Ермек Сахариев
22.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8635
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844