Ыстанбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге 160 мың доллар көмек жинады

Ыстанбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге 160 мың доллар көмек жинады

Ыстанбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге 160 мың АҚШ долларын құрайтын көмек жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.

«Ыстанбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдап жатыр Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайтын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және т.б. қажетті өнімдер жолдануда. Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда», - делінген хабарламада.

Бас консул Әлім Байел бүкіл Қазақстан жұмылып бауырлас Түркияға қолдау көрсетіп жатқан сәтте бұл көмекке өз үлесін қосып жатқан Ыстанбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.

Еске салсақ, қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 100-ге жуық киіз үй жібереді.

Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді. Сондай-ақ

Kaspi.kz қосымшасы арқылы Түркияда зардап шеккендерге қаражат аударуға болады.

10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Тәуекел картасы –  әділдіктің айнасы
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 31.10.2024 542
Ұлт ұясы – Ұлытау, жаңарған Жаңаарқа
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - 31.10.2024 549
Орман  шаруашылығын оңалтуда оң нәтиже бар
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 27.10.2024 746
Тігінмен  тірлігін түзеген
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы - 27.10.2024 817

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 7739
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 7158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10372
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 8135
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9370