Жамбылда 1,5 млн бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді

Жамбылда 1,5 млн бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Тараз және аудандардағы бағынысты ветеринария ұйымдары мемлекеттік тапсырыс бойынша жануарлардың аса қауіпті эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық-диагностикалық іс-шараларды жүргізеді. Биылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1,5 млн. бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілі. Облыс бойынша 10 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,8 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Құрмантаев Нұржас Нұржанұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары 10 айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды.

Облыс аумағында 4 ауру түрінен 20 ошақ анықталып, оларда карантин шаралары қойылып, бүгінгі күнге аурудың көзін жою және сауықтыру жұмыстары толық жүргізілді.

Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 37 елді мекенде 2,9 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына үш кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары толығымен жүргізілді.

Жыл басынан «Жамбыл» 109 диспетчерлік орталығына иесіз жануарларды аулау бойынша түскен хабарламаларға сәйкес 23 883 қаңғыбас ит және 189 мысық ауланып, оның 192 иті уақытша ұстау орнына орналыстырылды. Ветеринариялық станциялар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар болғандықтан мемлекеттік тапсырыстан тыс ақылы қызмет көрсете алады. Бұл бағытта аудандар және ауылдық округтер аумағында 11 клиникалар мен 145 аптекалар ашылды.

Қала мен аудандардағы ветеринариялық станциялары және құрамындағы ветеринариялық пункттердің материалдық-тахникалық базасын жаңарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Ветеринар мамандарының жұмысын оңтайландыру және уақытын үнемдеу үшін «E-ISZH» ақпараттық жүйесі енгізілген 160 дана заманауи планшеттермен қамтамасыз етілмек.

01.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 84
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 196
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 201
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 414
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 377
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 996

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9072
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8470
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11696
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9459
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10676