⚜️ЖАМБЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ 3 НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

⚜️ЖАМБЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ 3 НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

 

📍Астана қаласында 27 қараша – 1 желтоқсан күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына – 2023» республикалық фестивальі өтті. 

 

🖇️Фестивальге Жамбыл облысының мәдениет қызметкерлері 14 номинация бойынша бақ сынап,  нәтижесінде 3 номинация бойынша жеңімпаз атанды. 

Нақтысын айтсақ, Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана» номинациясы бойынша үздік деп танылып, 1 000 000 теңгенің сертификатын иеленді. 

 

🏆Ал Байзақ аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі  Жанар Қорғанбекова «Үздік креативті мәдени демалыс ойын сауық жобасы» бойынша, Меркі ауданы Тәтті ауылдық клубының меңгерушісі Жуасбекова Шарбану Тілеуқұлқызы «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үздік әлеуметтік мәдени жобасы» бойынша жеңімпаз атанып, 300 000 теңгенің сертификатымен марапатталды. 

 

📌Жамбылдықтардың абыройын тағы бір мәрте асқақтатқан мәдениет қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

 

#руханиқазына2023

#madeniet08

01.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14423
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14344
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29490
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28119
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31653