Заң қабылдау құқығы мәжіліске тиесілі

Заң   қабылдау құқығы мәжіліске   тиесілі

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов: «Заң шығару процесін жаңғыртуға арналған бірқатар өзгеріс жасалды. Заң қабылдау құқығы негізінен мәжіліске тиесілі болады. Сенатқа мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі. 

Реттейтін мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдау қолдау тапты. Үкіметке адам өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, басқа да құндылықтарға айрықша қауіп төнген жағдайда заң күші бар нормативтік-құқықтық актілер қабылдау құқығы берілді. Еліміздің Ата заңына енгізілетін түзетулер мен өзгертулер жобасының ауқымды бөлігі адам құқықтары мәселелеріне арналған. Былтыр Қазақстанның Қылмыстық кодексінен және басқа заңдарынан өлім жазасы алынып тасталды. Енді бұл ұғым Ата заңнан жойылып отыр. Осылайша біз Қазақстан іс жүзінде де, заң жүзінде де өлім жазасы жоқ мемлекет деп айта алатын боламыз. Омбудсмен институты туралы жеке бап қарастырылды. Азаматтардың өтініш беруіне жол ашып, Конституциялық кеңесті Конституциялық сотқа айналдыру бастамасын ерекше атап өткім келеді. Конститутциялық сот төрелігі бойынша   дүниежүзілік қауымдастыққа мүше 118 елдің 78-інде Конституциялық сот құрылған. 12 мемлекетте  Конституциялық кеңес жұмыс істейді. Қалғандарында бұл функцияны Жоғарғы сот және басқа органдар жүзеге асырады. Осы орайда Қазақстан әлемде ең кең тараған және тиімді модельді таңдап отыр деп айта аламыз», – деді. 

Ермек САХАРИЕВ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 149
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 147
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 659
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 779
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 692
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 702

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8842
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8239
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11466
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9223
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449