«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы немен айналысады?

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы немен айналысады?

             

    Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин: «Қаңтар айының басында еліміз бұрын соңды болмаған қиын жағдайды басынан өткізді. Бұл жағдай кездейсоқ болған жоқ. Елімізде көптен бері қордаланып, әділетсіздік пен жемқорлықтың кесірінен шешімін таппаған әлеуметтік-экономикалық мәселелер оқиғаның тұтануына себепші болды.  Қаңтар оқиғасы бәріміз үшін үлкен сабақ болуы керек. Оның алғышарттары – қоғам мен биліктің шынайы тазаруы, ақиқаттың ашық айтылуы, қателіктердің мойындалуы, мемлекеттік аппарат пен құрылымдардың олигополия өкілдері мен жемқорлардан тазартылуы болып отыр. Бұны, бүгін қоғам белсенді талқылап және оны Мемлекет басшысы батыл түрде іске асыра бастады. Президентіміздің Қазақстанды жаңартамын, дұрыс арнаға бұрамын деген ақ ниеті бар. Өздеріңізге мәлім қаңтардың 11 жұлдызында Президент Парламент Мәжілісінің және кешегі Үкіметтің отырысында елімізде атқарылатын біраз маңызды мәселелерді айқындап, нақты міндеттерді қойды. Жалпы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынаста трансформацияның қажеттілігі туындағанын және «Жаңа Қазақстанды» құру туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта-қайта айтып жүр. Мұндай кешенді трансформация ең алдымен Парламент қызметінде орын алып, Мәжіліс қабырғасынан басталуы шарт Сондықтан Парламенттің төменгі палатасындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп және Президенттің тапсырмаларын Мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топты құруды, ресми түрде жариялаймыз! «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешуге қызмет етеді. Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі. «Жаңа Қазақстан» депутаттық топтың қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз. Қазақта: «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл», деген сөз бар! Жаңа Қазақстанның жүгін ұлыс болып бірге көтерейік!» – деді.  Бұл бастамаға Мәжілістің бірқатар депутаты қолдау білдірген.

   Аталған мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Айдос Сарым: «Елімізде «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылды. Біздің басты мақсатымыз – қаңтар трагедиясынан кейінгі еліміздегі шынайы реформаларды қолдау. Бұл біріншіден – Президент бастаған елді жаңғыртатын бастамаларды қолдап, оларды саботажға, тоқтауға, соңына ысыруға жол бермеу.Екіншіден, кез келген үлкен саяси реформалар заң шығарушы және өкілетті органнан басталуы керек. Біздің түпкілікті мақсатымыз – Мәжілістің жұмысын жаңа жолға, жаңа арнаға бұру. Оның ішінде Мәжілістің ашықтығы, белсенді әңгіме көтеріп, оны қозғауы да бар. Бұл үлкен мәселенің бірі. Бұл өзіміздің қолымызда тұрған нәрсе. Елімізде жүргізіп жатқан бюджеттік бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеп, талаптарды күшейтеміз. Жақында Преидент наурыз айында үлкен саяси реформалардың жарияланатындығын айтты. Соған белсене атсалысамыз. Елдегі реформалардың дұрыс жүргізілуін, оның шын мәнінде қоғамның, халықтың талабынан шығуын назарда ұстап, оның белсенді субъектісіне айналамыз. Үшіншіден, аймақтағы өкілетті органдардың жұмысын жандандыру қажет. Қоғамдық кеңестерге, мәслихаттарға өзгерістер керек. Оларға жақсы үлгі көрсету керек деп ойлаймыз. Осы тұрғыда да еңбек етеміз», – деді.

 

 

Ермек Сахариев
14.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782