Жаңа сайланатын Президентке сауға «Қара нар керек біздің бұл іске!»

Жаңа сайланатын Президентке сауға «Қара нар керек біздің бұл іске!»

Марқұм Өзбекәлі Жәнібековті «мен қазақпын» деген әрбір адам біледі деп ойлаймын. Ол бар болғаны министр дәрежесінде немесе бірінші хатшының орынбасары қызметін атқарды. Кеңес империясы кезінде де ұлтына адал қызмет етті. Ұлттық мүддені әрқашанда бірінші орынға қойып, өз өміріне қауіп төнсе де, осы үдеден кете-кеткенше таймай, өмірін, бар күш-жігерін халқына арнады.

Жақында Республика сарайында Ресейдің Киркоров деген шайтан әншісі халқымызды, салт-дәстүрімізді қорлап, сахнада жартылай жалаңаш жүріп масқара болды. Жұртшылық наразылық танытты. Біздің билік бұған үн қатпады. Естеріңізде болар, кезінде Алла Пугачева да бізге келіп, өнер көрсетті. Ол байқамай «Эх, надоели эти бараны, казахи!» деген сөз айтып қалады. Бұл анайы сөз Өзбекәлі Жәнібековке жетеді. Ол бірден қаһарланып, Пугачеваның радио, теледидардағы әндерін сызып тастап, қазақ жеріне келуге мүлде тыйым салады. Міне нағыз ер, патриоттық, ұлттық мінез! Ал Киркоровқа, тағы да қайталап айтамыз, билік те, біз де мәу дей алмадық.

Қазір қазақ халқы үлкен сын үстінде тұр. Жан-жақтан неше түрлі қауіп-қатер төніп, қоршап тұрғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осы жексенбіде сайланатын жаңа президенттен халық зор үміт күтеді. Қазірге дейін Президент Тоқаев «Жаңа Қазақстан» «Әділетті Қазақстан құрамын» деп, тамаша бастама көтергенмен, ол жүзеге аспады. «Жаңа Қазақстан» дегеніміз – Назарбаев жасап кеткен билік жүйесін түбегейлі түп-тамырымен жою деген сөз. Әділетті Қазақстан сонда ғана дүниеге келеді. Жаңа Президент осындай зор ерлікке бара ала ма? Мәселен, Президенттікке үміткерлердің ішінен бірде-біреуі «бұл жүйені жоямын» деген сөзді айта алмады. Ал ертең Президент болғанда халық діттеген, аңсаған әділеттікті орната алады деген үміт, сенім ақтала ма? Егер ол үміт, сенім ақталмаса, бұрынғы таптаурын жол бізді ұшпаққа жеткізбейтіні анық. Яғни бізге, халыққа, ұлтқа қажеті кешегі Алаш арыстарындай, бертіндегі Тәшеневтей, Әуелбековтей, Жәнібековтей, яғни «қара үлектен туған қара нар керек біздің бұл іске» дегендей, қайсар, батыр, данышпан тұлғалар керек. Жалғыз Президент ештеңе жасай алмайды. Оған, жаңа президентке, ел болып, ұлт болып көмектесуіміз қажет. Сонда ғана «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» орнайды.  

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Торқалы той қарсаңындағы марапаттар
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.09.2023 67
ӘСКЕРГЕ БАРУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Шу ауданы әкімдігі - 28.09.2023 45
Пресс-релиз
- 28.09.2023 21
Ұлт рухының жаршысы еді...
Ерболат САУРЫҚОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. - 28.09.2023 68
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 843

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2574
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2406
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2513
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2493
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2541