Жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойылды

Жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойылды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ел азаматтарына жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ел басшысы Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін жаңа Жарлық шығаруды ұйғардым. Оған сәйкес, еліміздің барлық азаматына мүмкіндігі бар-жоғына қарамастан жаназада мал союға тыйым салынады. Бұрыннан белгілі, өлім шыққан үйде той болып жатқандай сезіледі. Қолында жоқтар 1 сиыр, қолында барлар 5 бас мал соятын жағдайлар әлі бар. Соның салдарынан құр намысқа тырысып, жалғыз сиырын сойып, жақындарын ақтық сапарға шығарып салуы жиі кездеседі» деп жазды Қырғызстан Президенті.

Мемлекет басшысы жұрттың барлығын осы ережені сақтауға шақырды. Себебі, адам өлген үйде жоқтау айтудың орнына қазан-қазан ет қайнатып, табақ-табақ ет тартылып, тойдағыдай көріністер болып жатады. Қырғыз Президенті үлкен ұлы Дастан қайтыс болғанда туыстарына жаназада мал союға рұқсат бермегенін, бірақ жиналған 10 мыңға жуық халықтың бұған қатысты теріс пікір айтпағанын мысалға келтірді. Осылайша, ол барша қырғызстандықтардан осы Жарлықты қолдауды сұрады.

«Бай-кедей деп бөлмей, бәріміз бір ережені ұстанайық. Осы Жарлықтың орындалуын бақылауды барлық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, соның ішінде Министрлер кабинетіне тапсырамын. Жергілікті билік мектеп директорларынан бастап, барлық учаскелік полицейлер, ауыл әкімдері, аудандық мекеме басшылары, аудан әкімдері, Президент өкілдеріне дейін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселені қатаң бақылауға алуын талап етемін. Осы Жарлықтың орындалуына әркім жауапты болатынын ескертемін», – деді Садыр Жапаров.

Қанат Жаңбырбай
25.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8891
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8286
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11514
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9270
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10498