Жанбота мен Павел күміс жүлдегерлер!

Жанбота мен Павел  күміс жүлдегерлер!

Қазақстандық акробат Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды. Жаңа маусымды сәтті бастаған ол: «Бізде барлығы жоспармен жүріп жатыр. Жарысқа дейін үздіксіз жаттығу жасадық. Жоспарымыз – жаңа маусымдағы нәтижемізді жарыстарға бөлмей, барлық кезеңде өзімізді жоғары орындардан көрсету. Әрине ең басты мақсат – қысқы Олимпиада ойындарына жарақатсыз жету. Олимпиада жақындаған сайын спортшылар дайындығын нығайтып, шеберліктерін шыңдай түседі. Әсіресе осы жарыста қарсыластар қарқыны ерекше екені байқалды. Шынымды айтсам, әлем кубогының кезеңінде бұған дейін бірден 40 қатысушы болмаған. Биыл сан да, сапа да артқан.  Олимпиада маусымына деген алғашқы қадамды нық бастық. Әрі қарай да әлем кубогының бірнеше кезеңі бар. Алдағы жарыстарда да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін барымды саламын.  Жаз маусымында дайындаған қиындыққа секіру жаттығуларым әзір жетілдірілмеді. Ендігі бір мақсат, жаттығуларымды толықтыра түсу», – дейді.  

Тағы бір қазақстандық Павел Колмаков та фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды. Финляндияның Рука қаласында өтіп жатқан жарыста ерлер арасындағы сын бойынша Павел Колмаков финалда 82.10 ұпай жинап, жарысты екінші болып аяқтады. Канадалық Майкл Кингсбери топ жарса, жапониялық Юкима Хоришима үздік үштікті қорытындылады. 

Ермек САХАРИЕВ
09.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18112
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35569