Жәрмеңке жалғасуда

Жәрмеңке жалғасуда

Орал қаласында санитарлық карантин талаптары жеңілдетілгелі дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қайта жалғасып, тұрғындардың қысқы мезгілге қамданысына өз септігін тигізуде.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, бұл жәрмеңкелерді ұйымдастырудағы басты мақсат – шаруа қожалықтарына өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз тікелей ұсынуға жағдай жасау. Осы ретте әр аптаның сенбі-жексенбісінде өткізілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне облыс орталығы аумағындағы және Ақжайық, Бәйтерек, Теректі, Қазталов, Бөкей ордасы аудандарынан келген 100-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары қатысып, өз өнімдерін саттыққа шығарады. Оларға сауда орындары тегін беріледі.

 

 

Өткізілген жәрмеңкелердің қорытындысы бойынша бес тонна (жылқы – төрт бас, сиыр –15 бас, қой – сегіз бас) ет, 60 тонна көкөніс, сегіз тонна жеміс, төрт тонна бақша дақылдары, 0,5 тонна шұжық өнімдері, 0,3 тонна макарон өнімдері, 0,3 тонна ұн, 0,1 тонна сүт өнімдері, 0,3 тонна балық, 48 мың дана жұмыртқа сатылған. Жалпы жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы базардағы бағадан 10-15 пайызға төмендетілген. Айталық, Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы бекіткен бағаға сәйкес тұтынушыларға сыр етінің келісі – 1800 теңгеден, ал жылқы етінің келісі 2000 теңгеден ұсынылады. Оралдықтар да жәрмеңкенің шарапаты мол екенін айтып, ризашылықтарын білдіруде.

Аталмыш бөлімнің мамандары өңірдегі эпидемиялогиялық ахуал қалыпты болса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қазан айының соңына дейін жалғасатынын айтты.

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласыЛәззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
04.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801