«Жасыл Ел – Тараз» қуанышқа бөленді

«Жасыл Ел – Тараз»  қуанышқа бөленді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен «Жасыл Ел – Тараз» ЖШС-не жаңа техникаларды беру рәсімі өтті.

Аталған серіктестік тарапынан қаладағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, саябақтар мен скверлерді, гүл бақтарын, жаяу жүргінші жолдарын күтіп ұстау, қыс мезгілінде қардан тазалау, мұз қатпау үшін жолдарға құм, тұз себу және тал егу жұмыстары атқарылады. Осы жұмыстарды үздіксіз, уақытылы әрі сапалы орындау мақсатында Тараз қаласының әкімдігі тарапынан «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» 065 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, сомасы 470 132 мың теңге болатын, 7 арнайы техника сатып алынды.

Жаңа техникалардың қатарында қалалық жолдарды күтіп ұстау және жүк тасымалдау үшін, жыл бойы пайдалануға арналған 5 бірлік аралас жол машинасы, 1 бірлік қалдықтарды механикаландырылған тиеуге арналған бүйірлік тиегіші бар қоқыс тасушы машина және КАМАЗ-65115 шассиіндегі кран-манипулятор бар.

Аймақ басшысы серіктестікке тағы да жаңа техникалар алу бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтіп, алайда, мекеме тарапынан қаладағы тазалық жұмыстары барынша сапалы орындалу керектігін баса айтты.

Айта кетейік, «Жасыл Ел – Тараз» – тәжірибесі мол кәсіпорын ретінде қаланы аббатандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан 100 пайыз мемлекеттік үлесі бар серіктестік.

Қазіргі таңда аталған серіктестікте жалпы саны 791 адам қызмет атқаруда. Олардың қатарында штаттық және қоғамдық жұмысшылар бар. Серіктестіктің қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған 268 алаңшасы орнатылған. Осы алаңшаларда «Жасыл Ел – Тараз» мекемесінің 77 техникасы қызмет көрсетеді.

 

28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410