Жолдау-2021: Жамбылдағы кәсіпорындарда жалақы көтерілген.

Жолдау-2021: Жамбылдағы кәсіпорындарда жалақы көтерілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында: «Ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарайтын кез келді деп санаймын. Бұл – бір жағынан аса маңызды макроиндикатор болса, екінші жағынан – әркімге түсінікті көрсеткіш. Бізде ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ. Коронавирусқа байланысты әлемдік дағдарыс тұрғындардың табысына кері әсер етті. Оның үстіне Қазақстан ең төменгі жалақы деңгейі бойынша ТМД-ның бірқатар елдерінен артта қалып қойды. Сондықтан, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шара бір миллионнан астам адамға тікелей, ал бүкіл еңбеккерлерге жанама әсер етеді», – деген болатын.

Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру – баршаға ортақ іс десек, Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын орындауда жергілікті атқарушы органдардың рөлі орасан зор. Халық үніне құлақ асатын да, жұртшылықтың көтерген мәселесін шешетін де, әлеуметтік-экономикалық жағдайды ретке келтіретін де атқарушы билік екені белгілі.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өңірдегі кәсіпорындардың басшыларымен кездескен аудан әкімі Сәкен Арубаев Жолдауда көрсетілген игі бастаманы тілге тиек етті. Кәсіпкерлерге ең төменгі жалақыны 60000 теңгеге дейін көтеру туралы мәселені көлденең тартып, мән-жайды тарқата түсіндірді.

– Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы еңбеккерлердің жалақысын арттыру, ең төменгі жалақыны көтеру туралы шешім қабылдады. Жолдауда көрсетілген бұл бастаманы көпшілік қолдап отыр. Ендігі мәселе, осы бағыттағы жұмыстарды тиісті деңгейде орындауымыз қажет. Халықтың табысы артса, тұрмысы түзеледі, әл-ауқаты артады. Бастаманың негізгі мақсаты да осы. Сол үшін де жұмыла жұмыс істеуіміз керек.

Аудандағы барлық кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекеттік қолдауды өздеріңіз де сезініп отырсыздар, – деген Сәкен Қаланұлы ірі кәсіпорын басшыларынан жұмысшылардың жалақысын, оны көтеруге қандай шаралар қолға алынғанын сұрап білді.

Басшылардың сөзіне сүйенсек, өңірдегі кәсіпорындарда 60000 теңгеден төмен жалақы жоқ екен. Келер жылы жұмысшылардың жалақысын белгіленген мөлшерде көтеру жоспарланған.

Басқосуда кәсіпорындарда кәсіподақ ұйымдарын құру, жұмысшылармен ұжымдық еңбекшарт жасасу, әлеуметтік медициналық сақтандыру, көлеңкелі экономиканың көлеңкесінен шығу секілді өзекті мәселелерге де баса мән берілді.

Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ, Жамбыл ауданы
20.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Жуалы жайсаңдары» аудандық жастар сыйлығының иегерлері анықталды
Show more
Жуалы аудан әкімдігі - 2021-12-03 52
2
САРЫСУҒА «PFIZER» ВАКЦИНАСЫНЫҢ 300 ДОЗАСЫ КЕЛДІ
Show more
Сарысу ауданы әкімінің Баспасөз қызметі - 2021-12-03 46
3
Дінмұхаммед жаңа жылды жаңа үйде қарсы алады
Show more
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 2021-12-03 65
4
Тәуелсіздік тұғыры орнаған 30 жылда Маңғыстауда балабақшалар саны 3 есе артты
Show more
- 2021-12-03 32
5
Жамбыл ауданының әкімі ҚР Парламенті Сенатының тыңдауында баяндама жасады
Show more
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 2021-12-03 60