Жуалының мақсарысына тұтынушылар дән риза

Жуалының мақсарысына тұтынушылар дән риза

Мақсары өсімдігін біздің елімізде өсіріп, өнім ала бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соңғы жылдары жерсіндірілді. Одан алынатын негізгі өнім – асқатық май. Бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Мақта майынан арзандау болып келеді. Бұл дақыл негізінен еліміздің оңтүстігінде өсіріледі.

Мақсары дақылы аудан аумағындағы бірқатар өңірлерде өсірілуде. Тіпті құнарсыз деген жердің өзінде де мақсары өсіру қолға алынуда. Ең жоғары түсім гектарына 7 центнер екенін ескерсек, соңғы жылдары құрғақшылық болуына байланысты бұл көрсеткіш біршама төмендеп отыр.

Көптеген елдерде қымбат бағаланатын мақсары өнімдері өзімізде таңсық болғандықтан, көпке дейін қолданылмай келді. Халық оның пайдасын жете түсінгеннен кейін ғана нарықтағы сұраныс арта түсті.

Жеке кәсіпкер Гульчахра Исмаилова ширек ғасырдан бері аудан орталығында мақсары дәнінен экологиялық таза май шығарумен айналысып келеді. Бастапқыда орталық базардың маңайындағы үйінде шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардан кішігірім көлемде мақсары дәнін қабылдап жүрді. Дәнді сығып, одан мақсары майын алатын аппараты  да шағын болатын. Өндірген өнімдерін күнделікті орталық базардағы сауда нүктесіне апарып, саудалап жүрді. Там-тұмдап, дүкендерге де өткізетін.

– Алғашында көпшілік біздің шығарған өнімге тосырқап қарап жүрді. Сөйтсек мұнымыз ерекше қасиетке ие өсімдіктің пайдасын білмегендіктен екен. Кейіннен мақсары майының экологиялық таза, құнды екенін пайымдағаннан кейін ғана оны тұтынушылар қатары көбейе түсті. Біртіндеп өндіріс алаңын кеңейтіп, сапалы май шығару қажеттігі туындады.

Біз жақсы, сапалы, көп көлемде май сығатын аппарат Қытайда бар деп естідік. Содан күйеуім Рустам сол аспан асты еліне арнайы барып, шағын цехқа қажетті технологиялық желі сатып әкелді. Сол тұста біз қазіргі Бейсенбай Сафинов атындағы көшедегі үлкен үйге көшкенбіз. Жаңа құрал-жабдығымызды осында орнатып, жұмысымызды бастадық. 

Шаруалардан майлы дақылдарды қабылдап немесе мақсарысын сығып, майға айналдырып беріп, халыққа қызмет көрсетеміз. Шикізат болса, өндіріс те жүйелі жүреді. Соңғы екі-үш жыл құрғақшылық болуына байланысты мақсары алқаптарынан алынатын өнім де азайып кетті. Бұл біздің өндірісімізге де өзінің салқынын тигізуде. 

Қазір төңіректегінің бәрі қымбаттап жатыр. Шаруалар тұтынатын жанар-жағармай, техникалардың қосалқы бөлшектерінің бағасы тұрақсыз. Бұның бәрі шикізат бағасына әсер етеді. Бірақ біз бағаны барынша төмен белгілеуге тырысудамыз. Бұған дейін майдың литрін 600 теңгеден тұрақты ұстап келдік. Алайда сол деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Бағаны біршама көтеруге тура келді. Қазір литрін 800 теңгеден шығарып жатырмыз. Тұрақты алатын тұтынушыларымыз бар. Тіпті Алматыдан, басқа қалалардан арнайы тапсырыспен алып тұратын клиенттеріміз де бар, – дейді жеке кәсіпкер. 

Өндіріске күйеуі Рустам мен ұлы Сухраб көмектеседі. Гульчахра мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем түспейтініне сенімді. Дақылдың дәні дәстүрлі медицинада да кеңінен қолданылады. Мақсары гүлінен қайнатылған шай бүйректі тазартады, қанды сұйылтады, қысымды төмендетеді. Дәрігерлер оны ағзадағы ас қорыту жүйесі бұзылғанда және басқа да аурулар кезінде қолдануға кеңес береді.

– Мақсары дәні қалдықсыз өнім. Шикізат өткізген шаруа қожалықтары өз қалауына қарай, кейде майын алып, жомын қалдырып кетеді. Ал жом дегеніңіз малға қажетті нағыз азық түрі. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Мәселен мақсарының майынан қалған қалдықтан Иранда халуа дайындалса, Түркияда түрлі сабындар шығарады, – деді ол.

Жеке кәсіпкер жыл бойына май өндірумен шектелмей, алдағы уақытта егістік алқаптарына майлы дақылдар егуді де көздеп отыр. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер нарықтық экономикаға бейімделе отырып, майды мемлекеттік стандартқа сәйкес келетіндей, өзінің сауда маркасымен құтыға құйып шығаруда. Қазақстанда жасалған өнім осындай болуы шарт!

Абылайхан СӘРСЕН
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 60
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794