Жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз

Жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз

Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов: «Бүгін біз «Педагог мәртебесі туралы» Заңның оң әсерін көріп отырмыз. Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы ұлғайтылды және 2023 жылғы қаңтардан бастап тағы 25 пайызға артады. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін  сетификаттау енгізілді. Яғни, енді жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз, жұмысқа тұрушы міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет. Енді педагогтердің біліктілігін арттыру  5 жылда 1 рет емес, 3 жылда бір рет болады. Директорлардың кадрлық резерві қалыптасады, білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау тетігін іске асыру жалғасады. Білікті кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру үшін «Педагог» жаңа кәсіби стандарты енгізіледі. 

Сондай-ақ,  аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, әр оқушының да цифрлық профилі енгізіледі, онда оқушының балабақшадан бастап, мектеп әлде колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы, бір сөзбен айтқанда, цифрлық ізі қалыптастырылады. Келесі маңызды мәселе – балабақшаға қатысты. Бүгінде балабақша кезегіне сұраныс өте көп. Облыс көлемінде кезекке тұру үшін 44 ақпараттық жүйе қолданылып жүр. Ал, бұл кезектің қайталануына алып келеді. Жұмыста  бірізділік жоқ, тәуекелдер бар. Бұл мәселені шешу үшін орталықтандырылған деңгейде балабақшаларда бірыңғай кезек енгізіледі, яғни ол цифрлы форматқа көшіріледі. Бұл сайтты күнделікті бақылауға мүмкіндік береді»,– деді.

 

Ермек Сахариев
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5361
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5519
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20488
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19117
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22579